«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНҒА КЕЛДІ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ауданға Ақтөбе облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері келді.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері облыстық «Нұрғасыр» мешітінің найб имамы Шадман Мухаммедисмайл мен аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы Әсемхан Ерғазин Қандыағаш қаласында орналасқан «Неохим» және «Казтермогрупп» кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесті.

«Дін және дәстүр сабақтастығы» тақырыбында өткен кездесулерде мекемелердің жұмысшыларына қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, кереғар діни ағымдардың ықпалының алдын алу, ғаламтор желісін дұрыс пайдаланудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекемелердің жұмысшылары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ауданға келген Ақтөбе облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері 8-10 маусым күндері Қандыағаш, Ембі қалалары мен Жұрын ауылында кездесулер өткізетін болады.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ СТУДЕНТ «МЕЙІРІМ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда автогаздың 2023 жылғы қаңтарға дейінгі шекті бағасы белгіленді

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа университет ашылады

admin_mugalzhar