«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА – МҮМКІНДІК

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУҒА ЖӘНЕ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУГЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САНСЫЗБАЙ МҰҚАНОВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТТІ.
Аталған шараға «Бізбен бірге» қоғамдық қорының өкілі Нұрбақыт Алтынбекқызы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының эксперті Әлішер Мажит, үкіметтік емес ұйым басшылары мен өкілдері және ҮЕҰ ашуға ниет білдірушілер қатысты. Кездесу барысында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ эксперті Әлішер Мажит үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мүмкіндіктер және оларға қол жеткізу жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар арнайы шақыртылған эксперт ҮЕҰ басшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілді.
«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Кенен Әзірбайұлының туғанына 140 жыл – 10 дерек

admin_mugalzhar

САНИТАРИЯЛЫҚ МАМАНДАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

admin_mugalzhar

ЕЛІМІЗДЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕРГЕ QR-КОДЫ БАР КАРТАЛАР БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar