«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАНДЫАҒАШ» КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

19-21 сәуір күндері Хромтау қаласында Хромтау ауданы волейболының дамуына зор үлес қосқан жоғары санатты жаттықтырушы Н.М. Прилепоны еске алуға арналған волейболдан 2009-2010 ж.т қыздар арасындағы облыстық ашық турнир өтті.
Осы турнирге Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатысты. Тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша Қандыағаш қаласының МБЖСМ командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар дипломдармен, медальдармен марапатталды.
Өз ойын өрнегімен көзге түскен спорт мектебінің тәрбиеленушісі Адель Жүндікбаева «Үздік шабуылшы» номинациясына ие болды.
Жаттықтырушысы Айдын Бисенғалиев.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның Бас прокуроры балалардың арасындағы суицид толқыны жайында мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

27 ауылға газ тартылады

admin_mugalzhar