«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Жадыра АҚҚАЙЫР, «Айқын» газетінің тілшісі:
Бізде әдетте дәстүрлі ән не күй өнері туралы сөз бола қалса, қай мектепке жататынын сұрайды. Меніңше, қай саладаболсынсондаймектеп көру яки мектептен өту үрдісі барсияқты. Әсіресе, журналистикада кімнің шәкірті екеніңді сұрап, «ұстамы жақсы болса, ұстазынан» деп жатады. Мағандабұлсауалдықойса, кімді айтарымды білмей абдырап қалатыным бар. Өйткені құдды «бастауыштағыапайды айтсам ба, жоқ әлде орта сыныптағыныма, бәлкімуниверситеттегі оқытушымды айтқанымды жөн бе?» дегендей ойда қалам. Мұндағы бастауыштағы ұстаз дегенім — ауданым, қала берді облысымның басылымдарындағы жол көрсетушілері. Есімде, ең алғаш мақалаларымды «Мұғалжарға» бергем. Оқушы Жадыра үшін мектептегі іс-шара туралы ақпарат беру де әжептеуір сараптамадай көрінетін. Аудандық басылымдағы ағаапаларым соның өзін мақтап, бағыттапотыратын. Облыстық «Ақтөбе» газетінің де сол кездегі тілшілерді жатырқаған емес. Анам «Қазпоштаның» каталогын әкеліп, жыл сайын қандай газет-журналға жазылғым келетінін сұрайтын. Таңдауым жасыма сай өзгеріп тұратын. Бастауышта алдымен «Балдырған», одан «Ұлан»кейіннен «Мөлдір бұлақ» пен «Ақжелкенге» жазылатынмын. Сөйтіп жүріп бүгінде аты күллі Қазақстанға белгілі мықтылардың сүйіктісі болған «Ұлан» мен «Ақжелкеннің» жас тілшісі болдым.
Бұрын жазғанын қазір оқыса, беті қызаратын мен ғана емес шығар? Сол кезде түрлі ауқымды мәселе көтерген болып күңіреніп, елдің жағдайы жайлы жазғандарым архивте әлі сақтаулы. «Кешегі жазғаныңа қарағанда ұялғаның — дамығаның» деген бар. Қош, соныменмектепбітіріп, арманымдағы оқу ордасы — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журфагына түстім. Бәлкім, ол жерде кәсіби тұрғыдан айтарлықтай алғаным аз шығар, есесіне ең керемет орта сыйлаған жер. Олай дейтінім, кәсібилікті университет қабырғасынан тыс жерде шыңдадым. Екінші курсқа түскен жылы алғаш рет ресми жұмысқа орналастым. «Жеті күн» ақпарат агенттігінің тілшісі болып, бір күнде 40 ақпаратқа дейін жазатынбыз. Конвейер секілді жұмыстан жылдамдықты үйрендім. «Ұланға» қаламақыға сұхбат пен мақала шығаратынымыз тағы бар. Үшінші курста тілшіліктен бөлек, Алматы қаласының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз хатшысы болдым. Екі жұмыста қатар алып, Қазақстан ішінде іс-сапарларға шығып, ол жерден байланыс орнату қабілетін үйрендім. Спорт саласын жазатын қыздар аз болғандықтан болар, федерацияда жүргенімді көріп, «Оң ТВ» арнасы жұмысқа шақырды. Сөйтіп «Жеті күннен» өз еркіммен кету туралыөтінішжазып, ұжыммен қоштастым. Бірнеше сюжет, бағдарлама әзірлеп, енді құжаттарды реттегелі жатқанымда республикалық «Айқын» газетіне шақырды. Басылымның сол кездегі бас редакторы Нұртөре Жүсіп — қазақ журналистикасында беделі мықтыларды бірі. Жүрексіне кабинетіне кіріп, тапсырма алып шықтым. Ертесіне тапсырмасын орындап, мақаламды өткізіп, дереу жұмысқа алу туралы өтінішті қоса жаздым. Сөйтіп телевизияемес, газеткекелдім. Одан бері арада алты жыл өтіпті. Қатардағы тілші болып барған студент қазір «Әлеумет және руханият» бөлімінің бастығыболды. Бұл жерден үйренгенім тіпті көп.
Журналистика күн сайын жанданады. Дәстүрлі кей тәсілдер жаңаруы керек. Сол үшін бір бағытпен тоқтамауға тырысамын. «Мұнара» газетіне діни бағыттағы мақалалар жарияласам, «Курсив» порталында қаржы тақырыбында тұрақты жазатын автормын. Жақында «Медиасын» курсын тәмамдап, медиа саласында сын жазу жайлы білім алдым. Арагідік түрлі қорлармен халықаралық ұйымдардың мұрындығымен грант жобаларға қатысып тұрамын. Мұндағы мақсат – түрлі мектеп көру. Сол үшін де «ұстазың кім?» десе, іркіліп қалам. Журналистердің кәсіби мерекесіне орай елепескерген аудандық газетімнің ұжымына алғыс білдіре отырып, сәттілік тілеймін! Нұртөре ағайымыз «сендер республикалық газетте істеймін деп көп кеуде кере бермеңдер. Нағыз маман деп аудандық газетті көргенді айтады» деп отыратын. Сіздерге де нағыз мамандардың мерекесі құтты болсын!

Ұқсас ақпараттар

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады

admin_mugalzhar

АЭС құрылысы туралы сұрақтар мен жауаптар

admin_mugalzhar

БИІКТІК ФОРМУЛАСЫ (деректі әңгіме)

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.