«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАРАКӨЛ АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің елді мекендерді газдандыруға арналған жоспарына сәйкес 115 үйі, 608 тұрғыны бар Қаракөл ауылына газ тарту жұмыстары жалғасуда. Ауылішілік газ құбырларын тарту жұмыстарын «АқтөбеНефтеГазСтрой» ЖШС-і жүргізуде.

Қазіргі таңда әрбір үйдің алдына шкафты газ реттегіш нүктесін (ГРПШ газорегуляторный пункт шкафной) қою жұмыстары жүргізілуде. Газ құбырының жалпы ұзындығы 10,1 шақырымды құрайды. Ауылішілік газ тарту жұмыстары шілде айында аяқталатын болады.
Қ.Жұбанов ауылдық округі әкімі аппаратымен Мұғалжар аудандық газ бөлімшесінің мамандары бірлесіп ауыл тұрғындарына ауыл көшелерінің бойымен өтіп жатқан газ желісін үйге тарту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда алғаш рет балалардағы бауыр обырын емдеудің бірегей әдісі енгізілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.