«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тамызда еліміздің екі облысын құрғақшылық күтіп тұр — Қазгидромет

“Қазгидромет” 2022 жылдың тамызында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды қоспағанда, ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанды. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтілуде. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болмақ.

Ұқсас ақпараттар

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ — БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ

admin_mugalzhar

Зейнетақы қорын бір бөлігін кім қолдана алатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.