«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨНДІРІС ОШАҒЫ ШОҒЫРЛАНҒАН МЕКЕН

БҮГІНГІ ТАҢДА МҰҒАЛЖАРДА 40-ТАН АСТАМ ІРІЛІ-ҰСАҚТЫ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА МҰНАЙ-СЕРВИСТІК, ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ӨНДІРІС САЛАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫ, ТЕМІРЖОЛ МЕКЕМЕЛЕРІ БАР. БҰЛАРДЫҢ ДЕНІ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН 30 ЖЫЛ ІШІНДЕ БОЙ КӨТЕРГЕН МЕКЕМЕЛЕР. ГАЗЕТІМІЗДІҢ БҮГІНГІ НӨМІРІНЕН БАСТАП АШЫЛҒАН «MUG-PRODUCTION» АЙДАРЫНДА ОСЫ КӘСІПОРЫНДАР МЕН ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАН-ЖАҚТЫ МАҒЛҰМАТ БЕРЕТІН БОЛАМЫЗ. СОНЫМЕН, БҮГІНГІ ЖАҢА АЙДАР АЯСЫНДА МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ КӨШІН БАСТАП ТҰРҒАН «ҚАЗАҚОЙЛ АҚТӨБЕ» ЖӘНЕ «CNPC-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА ТӨМЕНДЕ БАЯНДАЙМЫЗ…

«ҚАЗАҚОЙЛ АҚТӨБЕ»: ҚАРА АЛТЫН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ
Кезінде Атырау өңіріне ат шалдырған Ескендір Зұлқарнайын қара сұйықтықтың лаулап жанатынына таңданған деседі. Иә, жамбас астынан жермай шыққан қара жердің кереметі көп. Сол кереметтің бірі — «Қазақойл Ақтөбе» компаниясы. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШСі Мұғалжар ауданында орналасқан Әлібекмола және Қожасай мұнай-газ конденсаттық кен орындарын игерумен айналысады. 1998 жылдың 19 қазанында бұрынғы «Қазақойл» ұлттық компаниясы Үкіметтің Қаулы- сына сәйкес Әлібекмола мен Қожасай кен орында- рында көмірсутекті шикізат- ты өндіруге арналған лицен- зияларын алды. Аталған Әлібекмола кен орны 1987 жылы тұсауы кесіліп, 2001 жылдан бері игеріліп келеді. Тағы бір мұнай ошағы — Қожасай кен орны Әлібекмо- ла кен орнынан оңтүстік-ба- тыс бағытында 60 км қашықтықта орналасқан. Бұл кен орны 1983 жылы ашылып, 2003 жылдан бері игерілу- де. Компания мұнайды өндіру және кен орындарын игеру бойынша жұмыстар жүргізу кезінде экология- лық қауіпсіздіктің қамтама- сыз етілуін бірінші орынға қояды. 2010 жылдың 21 ма- мырында мемлекеттік бағ- дарламамен Ақтөбе облы- сының индустрияландыру жөніндегі өңірлік картасына сәйкес Әлібекмола кен орнында ілеспе мұнай газды өндеу зауытының құрылысы басталып, іргетасына капсула салынды. Ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі газ өндеу зауытының құрамына екі нысан кіреді. Бұл Әлібекмола және Қожасай кен орындарындағы кешенді газ дайындау қондырғылары.
Газ кешенінің нысандарын пайдалануға беру шамамен 150 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 2015 жылы компания Қожасай және Жаркемер ауылдарында қоршаған ортаны қадағалау станцияларын орнатты. Бұл жүйе арқылы қоршаған ортаға әсер ету көздері мен факторлары анықталып, ақпарат жинау, жүйеге келтіру мен талдау жұмыстары жүзеге асырылады. Компанияда қызметкерлер үшін барынша жағымды жағдайлар қарастырылған, соның ішінде бәсекелік сыйақы, әлеуметтік жеңілдіктер жүйесі енгізілген. Бүгінде мекемеде 560 адам жұмыспен қамтылған. Басым бөлігі Ақтөбе, Астана, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарының азаматтары.
2016 жылы Италия, Польша, Румыния, Франция сынды дамыған елдерге 300 мың тоннадан астам мұнай экспортталса, Ауғанстан және Тәжікстан елдеріне 10 мың тоннадан астам сұйытылған газ сатылды. Бүгінде компанияның басшылық қызметін Чжао Цзичэнь атқарады. Өндіріс кешені қайырымдылық шараларына да белсенді араласады. Айталық, жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Балалар күніне, «Мектепке жол» атты жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына қатысып, ардагерлерді шипажайға жіберу, Мұғалжар ауданының бүлдіршіндерін жазғы лагерьмен қамту, Қандыағаш қаласындағы «Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне техникалық көмек көрсету секілі істермен де айналысады. Аталмыш мекеме аудан экономикасында да оның үлес салмағы басым.

«CNPC-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ»: АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕ ТАМЫРЫ
Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде қолға алынған ірі жобалардың бірі — «CNPC -Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы. Аталған кәсіпорын — Орталық Азия аумағындағы мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру бойынша — «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының» бірінші жобасы. Компания ел экономикасын бір белеске көтерумен қатар, сан мыңдаған адамды, оның ішінде мұғалжарлықтарды жұмыспен қамтып отыр. Бюджетке түсетін салықтар мен барлық жинақтар түрінде жалпы сомасы — 15 млрд доллар. «CNPC -Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на 20 жылдан бері Ван Цзюньжэнь басшылық етеді.
1997 жылы 4 маусымда «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 60,34% акциясын сатып алды. Бұл тарихи оқиға CNPC-дің Ақтөбе жобасындағы ұзақ жылдық инвестициялық қызметінің ресми бастауы болатын ойпатының Шығыс бөлігі Орталық аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Ғылыми-техникалық инновациялар компанияға толық көлемді дамуға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде өндірудің жылдық көлемін — 2006 жылғы 327 мың тоннадан, 2011 жылы 502 мың тоннаға дейін көтеру мүмкіндігін берді, осылайша жылдық өндіру 400 мың тонна көлемінде тұрақты түрде ұсталып отырды. Бұл фактілер жетілген кен орнында тұтқырлығы жоғары мұнайды игерудегі сенімді дәлел нәтижесі болып табылады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы 2016 жылдың соңғы көрсеткіштерінде Қазақстанның мұнай-газ операторлары арасында мұнай және газ өндіру көлемі бойынша бесінші және үшінші орынды иеленді. Соңғы жылдары жинақталып өндірілген мұнай — 102 млн тонна, ал жинақталып өндірілген газ — 7,2 млрд м3 . Аталған компания «біліктілігі жоғары кадрлары бар қуатты кәсіпорын құру» стратегиясын ұстанады және кадрлар дайындығын халықаралық деңгейде жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда 4912 адам жұмыс жасайды. Оның 1170-і мұғалжарлықтар.
Компания Қазақстан Республикасының «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік байқауының Бас жүлдесіне ие болды. 2012 жылы 1 мамыр Еңбек күніне байланысты ҚХР Бүкілқытай кәсіподақ федерациясынан құрмет наградасын алды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясының ұжымына «Төрт бағыт бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген СНПС-тің озат ұжымы» атты құрмет атағы берілді. 2015 жылы тағы да «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік байқауының мемлекеттік наградасына ие болды. Акционерлік қоғам болашақта да көмірсутек өндіру және ғылыми-техникалық инновацияларды үйлестіру қарқынын үдетуді ұстанып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛАМАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

Более 17 миллионов граждан прошли перепись

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН АДАЛДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.