«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НАН БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Ауданда бағаны тұрақтандыру шаралары жүргізілуде. Аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде бірқатар оңтайлы шешімдер қабылданып, жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Аудандағы нан бағасын тұрақтандыру мақсатында «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы «Алдияр» наубайханасына 10 тонна арзандатылған ұн берілді.
Әлеуметтік санаттағы қажетті азық-түліктің қатарына жататын нанды «Алдияр» наубайханасы Қандыағаш қаласындағы 15 дүкенге 85 теңгеден сатуда. Өз кезегінде «Сәт» супермаркеті, «Айгерім», «Ырыс», «Әсем-ай», «Азамат», «Лунара», «Авань», «Дәрия», «Саян», «Достық», «Досжан», «Айгүлім», дүкендері, «Нұрай» және «Жастық »шағын маркеттері тұрғындарға 90 теңгеден саудалануда.
Нан бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ КӨБЕЛЕЙ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

admin_mugalzhar

Пандемияға байланысты Наурыз мейрамын бұқаралық сипатта тойлауға тыйым салынады

admin_mugalzhar

Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.