«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 25 пайызға қымбаттады

Қазақстанда бір жылда үй бағасы шамамен 25 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды egemen.kz.
«Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8% артты», деп атап өтті бюро өкілдері.
Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Нұр-Сұлтанда – 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттаған. Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%).
«Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4% жоғарылады», делінген бюро хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

Рәміздерді құрметтеу — әр азамат парызы

admin_mugalzhar

АТА КӘСІПТІ ЖАЛҒАСТЫРҒАН ӘУЛЕТ

admin_mugalzhar

«Келешек мектептері»: Жас мамандарды іріктеуге арналған жаңа цифрлық платформа іске қосылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.