«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

93 АДАМДЫ ИТ-МЫСЫҚ ТАЛАҒАН

Бұл жыл басынан бері 93 ит-мысықта зардап шеккен мұғалжарлықтар саны. Олардың басымы яғни, 51-і 14 жасқа дейінгі балалар.

Ауданның санитариялық мамандарының айтуынша, жануарларға таланғандардың барлығы профилактикалық мекемелерде толыққанды ем-шара қабылдаған.

Бүгінде көшеде иесіз жүрген ит-мысықтар адамдар үшін өте қауіпті. Зардап шеккен 93 адамның 79-ы иттерге, 13-і мысықтарға, 1-еуі атқа таланған. Оның ішінде 56-сы ер адам, 37-сі әйел адам. Көп жағдайда ит қауып, зардап шеккендердің көбісі 14 жасқа дейінгі балалар. 93 жағдайдың 51-і  жас балаларға тиесілі. Олар антирабиялық егуге жолданып, 32 толық курсын, 61 толық емес курсын алды.  Ал 21 адам антирабиялық иммуноглобулинге жүгінді. Жануарлардан зардап шеккендер емдеу — профилактикалық мекемелеріне жатқызылмады. Антирабиялық егуден бас тартқаны  жоқ, егуді өздері тоқтатқандар жоқ, — деді санитариялық эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Жақсылыққызы.

 

Ұқсас ақпараттар

БІРДЕ-БІР ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕГЕН АУЫЛ

admin_mugalzhar

«Көктем-2020»: Мұғалжар ауданы әкімі арнайы қызметтердің әзірлігін тексерді

admin_mugalzhar

Ақтөбеде билік партиясы жанынан әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.