«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАР ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

КЕШЕ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «ЖАС ӨРЕН» ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ИДЕЯДАН ІСКЕ» ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

Жоба ұйымдастырушысы Нұргүл Қалиеваның айтуынша, аталған жоба жастарға арналған. Өз идеяларын ұсынып, өтінім жіберген 13 мұғалжарлық байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып, әрқайсысы 150 мың теңге көлемінде грантқа ие болды. Шара басында жастарға іс бастауға мүмкіндік туғызуды көздеген «Жас өрен» жастар орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы жеңімпаздарды құттықтап, сәттілік тіледі. Марапаттаудан кейін жиналған жастар «Болашақты бірге құрайық» атты семинар-тренингке қатысты. Семинар-тренингте тренер М.Алдиярова шетелде тегін білім алу мүмкіндіктері туралы, тренер А.Ақтілеу азаматтық бастама және әлеуметтік жобаларға қатысу жөнінде, тренер Е.Төребеков еріктілер тобын құру жолдары туралы, тренер Ә.Даражадинов кәсіпкерлік негіздерін қалай игеруге болатындығы жайында, тренер Р.Сағадатов интернет психологиясы, ғаламтордың құрбаны болмау туралы, тренер Н.Сұлтанғали мобилография негіздері, заманауи мамандық тақырыбында кеңінен айтып, тың мағлұматтарымен бөлісті.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде «жұрттан үй алып беремін деп ақша алған» инспектор сотталды

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

admin_mugalzhar

МЕДИАЦИЯ: РЕШАЕМ КОНФЛИКТЫ ПО-НОВОМУ

admin_mugalzhar