«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

179 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘСКЕРИ МІНДЕТІН АТҚАРУДА

ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ «ҚР ҚК КӘСІБИ ЖӘНЕ ЕСТЕЛІК КҮНДЕРІН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ» БҰЙРЫҒЫНА БІРНЕШЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗДІ. ОНЫҢ ІШІНДЕ 12 ҚЫРКҮЙЕКТІ ЕСТЕЛІК КҮНІ — ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КҮНІ ДЕП ӨЗГЕРТТІ. ОСЫҒАН ОРАЙ, АТАУЛЫ КҮН ҚАРСАҢЫНДА МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ МАЙОР АЗАМАТ БАЙДОСОВПЕН ӘСКЕРИ КОМИССАРИАТТАРДЫҢ ТАРИХЫ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ СҰХБАТТАСТЫҚ.

-АЗАМАТ БЕРДІҒАЛИҰЛЫ, ЕЛІМІЗДЕ ЖАЛПЫ ӘСКЕРИ КОМИССАРИАТТАРДЫ ҚҰРУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ БОЛДЫ? ОСЫ САЛА МАМАНЫ РЕТІНДЕ СІЗДІҢ АЙТАРЫҢЫЗ?

-Әскери комиссариаттарды құру қажеттілігі 1917 жылы сезілгені тарихтан белгілі. Себебі жаңадан құрылған Кеңес үкіметі қол жеткізген революцияның жеңісін қолда ұстап тұру және шет елдердің әскери күштерінен қорғану негізгі мақсат болды. 1918 жылы 8 сәуірінде Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен қала, аудан орталықтарында тұрғылықты халқының санына қарай әскери істер жөніндегі комиссариаттар құру туралы декрет қабылданды. Кейіннен тәуелсіздік жылдарында ол қорғаныс істері департаменттер, басқармалар мен бөлімдер болып өзгерді.

-БҮГІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ?

-Жергілікті әскери басқару органдары Қорғаныс министрлігінің қоғамдық қабылдау орны болып саналады. Олар жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғанысты ұйымдастыру, әскерге шақырушыларды тіркеу, әскерлерді жасақтау, әскери міндеттілерді есепке алу, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу, әскери-техникалық мамандар даярлау жұмыстарымен айналысады. Жастар мен әскер қызметі арасындағы өзара байланысын нығайта отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң беделін арттырып, әскерге шақырылатын жастардыңОтанға, туғанжеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеп, ауқымды әскери-патриоттық жұмыстар атқарады. Қарулы Күштер, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларын толықтыру үшін шақыру жұмыстарын жүргізу және жұмылдыру дайындығына бағытталған іс-шараларын орындау үшін құрылған орган өз алдына қойылған міндеттерді адал орындап келеді. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңіріндегі жергілікті әскери басқару органдарына 200-ден астам бөлімше кіреді. Ұлы Отан соғысы жәнеөзгедежауынгерлік іс қимылдарға қатысқанын растайтын мұрағаттық құжаттарды, хабар-ошарсыз кеткен қатысушыларды іздестіруде көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға, төтенше жағдайлар аймақтарындағы авариялар мен апаттар салдарын жоюға қатысқан азаматтарды есепке алып, оларға Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің наградаларын тапсыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Әр азаматтың болашақта әскери өмірге қадам басуы осы жергілікті басқару органдарының табалдырығынан басталады.

-БҮГІНДЕ АУДАН БОЙЫНША ӘСКЕРГЕ ЖАРАМДЫ ҚАНША ЖАС БАР? ӨТКЕН ЖЫЛЫ ҚАНША МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘСКЕРГЕ АЛЫНДЫ, БИЫЛ ҚАНШАСЫ КЕТТІ?

-Аудан бойынша әскерге жарамды шақырылушылар саны — 216. 2021 жылы ауданнан әскерге 88 азамат жолданса, биыл көктемде 91 әскерге шақырылушы азаматтар әскерге аттанды. Ал әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 35-бабынасәйкес, әскергешақырукомиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі. Айталық, отбасы және денсаулық жағдайына, басқа да себептерге байланысты, білім алуды жалғастыру үшін әскерден уақытша босатылу беріледі. Бүгінгі таңда әскери басқару органдары Қарулы Күштерге, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне және Ұлттық ұланға шақырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Әскерге шақыруға жататын азаматтарға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру қағазы, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі арқылы SMS жіберіледі.

— Әңгімеңізге рақмет.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты қабылдады

admin_mugalzhar

БИЫЛ 100 АДАМ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚУҒА ЖОЛДАНАДЫ

admin_mugalzhar

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне үміткерлеріне газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.