«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Ауданда азаматтық қорғау саласында кешенді оқу-жаттығу жиыны жалғасуда. Кешенді оқу-жаттығу аясында аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі, эвакуация комиссияларының ұйымдастырыушылық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекеттік мекемелерде, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарында, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемелерінде, халық көп шоғырланатын жерлерде, көп қабатты тұрғын үйлерде жалпы аудандық сейсмикалық жаттығулар және сел қауіпі болуы мүмкін аймақтарда төтенше жағдайдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белгіленген бірнеше орындарда оқу-жаттығу жиындары өткізілді.

Орын алған төтенше жағдайдағы іс-қимылдар көрсетілді. Сонымен қатар эвакуациялық жинау, эвакуациялық қабылдау пунктерінің дайындықтары тексерілді.

Ұқсас ақпараттар

Нұрзат ҚАЙЫРМАҒАМБЕТОВ, Жастар ресурстық орталығының басшысы: АТА-АНАМЫЗДЫҢ АҚЫЛЫ — БІРІНШІ ОРЫНДА

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

№53 ТАЛДЫСАЙ РАЗЪЕЗДІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.