«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Премьер-министр оқушылардың «ауыр сөмке» мәселесін шешуді тапсырды

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов кітаптарды электронды форматқа көшіріп, оқушылардың ауыр сөмкелерді тасу мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлихан Смайылов үкімет отырысы барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдаған. Үкімет басшысы министрлерге оның шеңберінде 800 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.

«Біз осы ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Сонымен қатар бүгінде өңірлерде 143 мектеп үшін учаскелерді анықтау бойынша мәселелер шешілген жоқ. Бұл жұмысты барынша жеделдету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылға жоспарланған мектептердің және жыл соңына дейін – 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек», – деді Смайылов.

Сонымен қатар ол оқу процесін цифрландыру үрдісін жеделдету қажет екендігін атап өтті.

«Осыған байланысты оқулықтарды цифрлық форматқа ауыстыруды және балаларды ауыр сөмкелерден босату мәселесін  жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесі тапсырылды. «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау қажет», – деп атап өтті премьер-министр.

Соңында ол Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектептерін сапалы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін оқушылардың ауыр рюкзакпен сабаққа бару мәселесіне қатысты Тоқаев пікір білдірген еді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады. Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕ

admin_mugalzhar

Токаев: Ашық әрі әділ сайлау өткізуге ниеттіміз

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.