«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сайлау: үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда тексеріліп жатыр

Қазақстан президенттігіне кандидат үш адамның құжаты тексеріліп жатыр. Бұл туралы елордада өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде 7 адамның құжаты қабылданды. Оның төртеуі ҚР президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде талаптарға сай болып шықты. Ал үш адамның құжаттары тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген.

«Талаптарға сай келетін кандидаттардың арасында Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Ал үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда. Бұл тұрғыда Нұржан Әлтаевтің, Қарақат Әбденнің, Талғат Ерғалиевтің құжаттары қаралып жатыр», — деді Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай болды.

7 қазан күні президенттікке ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары тексеріліп жатқаны айтылды.

Ұқсас ақпараттар

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ҚАДАМ

admin_mugalzhar

«ЖЕМ САМАЛЫ — 2021» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ҮЙРЕНЕРІМ ƏЛІ КӨП

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.