«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

AMANAT ПАРТИЯСЫ: ҮГІТ-НАСИХАТ ТОБЫ – АУДАНДА

Апта басында ауданға ҚР Президенттігіне кандидат ҚасымЖомарт Тоқаевтың Ақтөбе облыстық қоғамдық штабы келіп, Президент сайлауы науқанының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға қала тұрғындары қатысты.

Amanat партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Ербол Данағұлов бастап келген штаб құрамында штаб мүшелері Қайрат Сабыр, Жеңісгүл Мұхамбетпаизова, Алмагүл Бекеновалар болды.

Биылғы Президент сайлауына 20-дан астам үкіметтік емес ұйым мен еліміздің үш саяси партиясы бірауыздан қолдаған Қасым-Жомарт Тоқаев кандидат ретінде тіркелгенін өздеріңіз білесіздер. Осыған орай, облыс бойынша 1 облыстық, 12 аудандық, 1 қалалық штаб жасақталды. Облыстық қоғамдық штабтың құрамында қазір 59 адам бар. Ал аудандық және қалалық штабтарда барлығы 292 адам қамтылған. Бүгінде штаб мүшелері аудандарға бөлініп, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Сайлау науқаны кезінде облыс бойынша 3 мыңға жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді штаб төрағасы.

Ол өз сөзінде қуатты Қазақстанды құру үшін мемлекеттік қызметтің тиімділігі арттырылатынын, прагматикалық сыртқы саясаттың жақсартылатынын, заманауи әскердің жасақталатынын жеткізді. Сонымен бірге жалпы әлеумет үшін маңызды білім беру саласында оң өзгерістердің болатынын, айталық, үш ауысымды мектептердің болмайтынын, бастауыш сынып оқушыларының барлығы дерлік ыстық тамақпен қамтылатынын айтты. Отбасы жағдайын жақсарту үшін жүйелі бағдарламалардың да қабылданатынын, ішкі еңбек нарығының қорғалатынын, студенттер жағдайының жақсартылатынын, шәкіртақының өсетінін, жатақхана мәселесінің шешілетінін тілге тиек етті. Денсаулық саласында да адам денсаулығын күшейтіп, өмір сүру жасын ұзарту мақсатында жүйелі жобалар жасалынатынын да қадап айтты. Әсіресе жастарға басымдық берілетінін мәлімдеді.

Президент өз сайлауалды бағдарламасына «Жастар» туралы заң қабылданатынын, қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгізетінін кіргізді. Сонымен қатар жас кәсіпкерлерге 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі, — деді Ербол Данағұлов.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

РЕФЕРЕНДУМ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ

admin_mugalzhar

Қазақстанда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды

admin_mugalzhar

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.