«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады

15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.

Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, қатты екпінді жел 15-28 м/с жылдамдықпен соғады.

«Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп болжанып отыр», – деді синоптиктер.

Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 аязға дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Ұқсас ақпараттар

2026 жылы инфляция 10 пайыздан төмен болады — Ұлттық экономика министрі

admin_mugalzhar

Электронды күнделік қолданыста

admin_mugalzhar

АУРУХАНА АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar