«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Бүгін Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжінде халықаралық студенттер күніне арналған іс-шара өтті. Аталмыш шараға аудандық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Қазына» тобының мүшелері келіп, әннен шашу шашты.


Шара барысында «Дос-Мұқасан» тобының 55 жылдығына арналған филімнен үзінді көрсетілді.
Сонымен қатар осы күні колледждегі 8 мамандық бойынша оқып жатқан студенттер өз мамандығына орай презентация әзірлеп, қорғап шықты. Соның ішінде ең үздік қорғаған студент Александр Зуев арнайы ақшалай сыйлықпен марапатталды. Мерекелік шара соңында колледж директоры Ильяш Ниязова «Үздік студенттер» мен онлайн формат негізінде өткен «МГТК аруы» байқауының жеңімпазын анықтап, марапаттады және колледждің студенттер президентін сайлап, қорытындысын шығарды.
Сонымен қатар студенттердің ұйымдастыруымен колледж ғимаратының жертөлесінен тир үйірмесі ашылды. Тир үйірмесіне алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, юстиция командирі Қанат Меңдібаев жетекшілік жасайды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда теңге депозиттері бойынша максималды пайыздық ставка көтеріледі

admin_mugalzhar

Жолдау жүктеген міндет көп

admin_mugalzhar

Василя ВАГАПОВА, тоқыма тоқыған әже: МАҚСАТЫМ — ТОҚЫМА ТОҚУДЫ НЕМЕРЕЛЕРІМЕ ҮЙРЕТУ

admin_mugalzhar