«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГІР КӨТЕРІП ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Ақтөбе қаласында гір спортынан облыстық чемпионат өтті. Аталған жарысқа қатысқан мұғалжарлықтар жүлделі орындарға ие болды. Жұлқа көтеруден сынға түскен қыздардың ішінен 48 кг көтерген Жанерке Сағидолла ІІІ орын, 63 кг көтерген Раида Қазмұхамбет І орын иеленді. Ал ер балалар арасынан 48кг көтерген Нұржан Қадралин ІІІ орынды, 53кг көтерген Ернұр Боташ ІІІ орынды жеңіп алды.
Серпе көтеру сынынан сүрінбей өткен қыздар Амина Заркумова 58 кг көтеріп ІІІ орынды, Раида Қазмухамбет 63 кг І орынды жеңіп алды. Ер балалар арасында күш сынасқан Қадралин Нұржан 48 кг көтеріп ІІ орынды, Ернұр Боташ 53 кг көтеріп жүлделі І орынды, 58 кг көтерген Нұрдәулет ІІІ орынды, 63 кг көтерген Аян Орынов ІІІ орынды иеленді.
Ұзын цикл бойынша сынға түскен Сағидолла Жанерке 48 кг көтеріп ІІІ орынды, Раида Қазмухамбет 63 кг көтеріп І орынды, Ернұр Боташ 53 кг көтеріп ІІІ орынды, Аян Орынов 63 кг көтеріп ІІІ орынды қанжығасына байлады. Жүлделі спортшыларды Санат Саматұлы жаттықтырады.

Ұқсас ақпараттар

Ералы Тоғжанов: Біз ардагерлерімізге Отанға деген сүйіспеншілігі мен батылдығы арқасында ұрпаққа сыйлаған бостандық пен бейбіт өмір үшін бас иеміз

admin_mugalzhar

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 4 мамырда басталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.