ӘЛЕМДЕ АЛТЫ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС БАР ЕКЕН. СОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ЕКІ ЖҮЗДЕН АСТАМЫ ЕГЕМЕНДІГІН АЛҒАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ. СОЛ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ДЕ АСЫЛ АРМАНЫ БОЛАТЫН. ОСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ҚАНШАМА АТА-БАБАМЫЗ ҚАН ТӨГІП, ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПТЫ. БҮГІНДЕ СОЛ АҢСАҒАН АРМАНҒА ҚОЛЫМЫЗ ЖЕТІП, ШЕКАРАМЫЗ БЕКІГІН ЕЛ БОЛҒАЛЫ 30 ЖЫЛДАН АСТЫ. ӘРБІР АЗАМАТ ҮШІН ЕЛІНІҢ БІРЕГЕЙЛІГІ МЕН ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІГІ — МАҚТАНЫШ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АЯСЫНДА БІЗ ДЕ ЕЛДІҢ ӘР ӨҢІРІНДЕГІ ОСЫ МАҚТАНЫШТАРДЫ ЖИНАҚТАУҒА ТЫРЫСТЫҚ…
Қазақстан халқының саны 2022 жылдың басында 19,18 млн адам болды. Оның 9,31 миллионы — ерлер, 9,86 миллионы — әйелдер. Жалпы әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда біршама жоғары болғанымен, жылдан жылға азайып келеді және бұл үрдіс тұрақты. Соңғы 5 жылда әйелдер санының орташа жылдық өсімі 1,2% болса, ерлер санының өсімі 1,4%-құрап отыр. Алайда, әйелдердің ерлердің басымдығына қарамастан, жалпы көрсеткіште жас бойынша бөлінуі мүлдем басқаша көрінеді.
Осылайша ҚР-дағы 14 пен 28 жас аралығындағы жас әйелдер саны бір жылда 0,1%-ға азайып, биыл 1,83 млн адамға жетті. Бұл ретте жас жігіттердің саны, керісінше, 0,1%-ға өсіп, 1,92 млн адам болды. Бұл динамика да тұрақты. Нәтижесінде 2022 жылдың басында жастардың жалпы санындағы жас әйелдердің үлесі небәрі 48,87% болды, яғни жартысынан да аз. Статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда ұлдарға қарағанда қыздар айтарлықтай аз: 2021 жылы 216,2 мың қыз дүниеге келсе, ұлдардың саны 230,3 мың болған. Қыздардың үлесі — 48,4 %. Ал «неке» жасындағы (28 жасқа дейін) жастардың арасында 1000 жігітке 956 қыздан келеді. Алшақтық жылдан-жылға артып, қыздардың саны азайып барады.
***
Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан. Жер көлемі — 2,7 шаршы шақырым. Дүниежүзінде 9- орында тұр. Еліміздің территориясына Еуропаның 12 елі еркін сыйып кетеді. Мәселен, Қарағанды облысының аумағына 1 Германия, 2 Беларусь, 3 Болгария сыяды.
***
Қазақстанда екі сағаттық белдеу бар, климаты — күрт континенталды. Ауа температурасы -45-тен +45 градусқа дейін.
***
Қазақстан — табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінен табылған. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 15 жетекші елдің қатарына кіреді. Ал газ қоры бойынша 22-орынға тұрақтаған.
***
Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
***
Елордамыз Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі. 1998 жылы ЮНЕСКО бас қаланы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Ал 2012 жылы елордаға «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді.
***
Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстанда (Екібастұз қаласында) орналасқан. Оның биiктігi — 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік.
***
Байқоңыр — әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда орналасқан. Көлемі 6717 шаршы шақырым.
***
Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Мұнда 170 әлем рекорды тіркелген. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері Медеу Пұсырмановтың құрметіне берілген.
***
Қазақстан шайды ең көп ішетін 10 елдің қатарында. Шайды тұтынудың орташа мөлшері — халықтың жан басына шаққанда 1,54 келі (2014 жылғы дерек бойынша).
***
Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқан. «Астана Опера» театрын 33 елдің мамандары үш жыл салды.
***
Қазақстан — қызғалдақ пен алманың отаны. Ал жылқы алғаш рет (б.д.д 4 мыңыншы жылдарда) Қазақстанда қолға үйретілген.
***
Қазақстанның төл валютасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды.
***
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелден 320 млрд доллар инвестиция құйылған.
***
Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара — Қазақстан мен Ресей шекарасы. Оның ұзындығы 7 512,8 шақырымды құрайды.
***
Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 жылы бірінші орынға шықты (13 500 тонна);
***
Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүниеде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орынды алады.
***
Алматы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда ол дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі. Алматы телемұнарасы 1978-1982 жылдар аралығына салынды. 1984 жылдан бастап қолданысқа берілген. Телемұнара 600 миллион рубльге (теңгеге шаққанда 2 879 400 000 болады) салынып, сейсмологиялық талаптарға сай өте берік етіп тұрғызылған.
***
Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін әр оқтың үшіншісі осы қазақстандық қорғасын өндіретін шеберханаларда жасалған.
***
Республикада көліктік және темір жол, әуе, теңіз, өзен, құбыр жолдары, автомобиль жолдарының желісі жүйелі жұмыс жасайды. Темір жолдың жалпы ұзындығы 14,2 мың км. Жүктердің көбі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. 2020 жылы шамамен 200,8 млн. тонна жүк тасымалданған. Ортақ пайдаланатын авто жолдардың ұзындығы 93 мың км асады, соның ішінде республикалық маңызы бар авто жолдардың ұзындығы — 23,5 мың км. Теңіз кеме қатынасы Каспий теңізі арқылы жүзеге асады. Негізі теңіз порттары — Ақтау және Баутино, олар арқылы Иран және Әзірбайжан елдеріне тікелей өтуге болады.
Дайындаған Н.ТІЛЕП