«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕКТЕ 11 ШАРУА ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ КҮТУДЕ

Еңбек ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағдарлама туралы толыққанды мәлімет беру үшін Семей қаласынан және көршілес аудандардан кәсіпкерлер мен арнайы мамандар келді.

Келген кәсіпкерлер жоспарларымен және іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобаны еңбектіктер жақсы қабылдады. Ауыл әкімі Аманбай Каюповтың айтуынша, округке 250 миллионнан астам қаржы қарастырылып, 203 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде оның 11-і қаржыландыруды күтіп отыр.

-Тауарлы несие — «Ауыламанаты» жобасының маңызды бағыттарының бірі. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі бағдарлама. Аталған жоба аясында ауданға қарасты ірі шаруашылықтар ауыл тұрғындарына тауарлық несие бағыты бойынша ірі және ұсақ малдар беруде. Айталық, Сағашилі ауылының үш азаматына «Арман-М» шаруа қожалығы ұсақ мал, «Қасай» шаруа қожалығы ірі мал берді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмыстарымыз алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ, — деді ауыл әкімі Аманбай Каюпов.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда вакцинация төлқұжаты өзгерді

admin_mugalzhar

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

admin_mugalzhar

ОТМЕТИЛИ ЛУЧШИХ ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНИКОВ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.