«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НАУРЫЗБЕК — БЕЙБІТ ЗАМАН БАТЫРЫ

Аудан әкімдігінде 2022 жылды қорытындылауға арналған салтанатты шара өтіп жатқан еді. Аудан әкімі Асқар Шериязданов өткен жылы аудан бойынша нәтижелі жұмыс жасағандардың еңбегін елеп, марапат көрсетуде. Кенеттен жиын жүргізушісінің: «Суға кетіп бара жатқан адамды құтқарып, ерлік жасаған Наурызбек Сағындыққа «Жыл адамы» атағы берілді» , — деген дауысы отырғандарды елең еткізіп, үздіксіз қол соқтырды.    

Иә, бүгінде ерлік жасайтындар аз. Бала күнімізде батыр дегенде көз алдымызға басын қатерге тігіп, жаумен жұлысқан еңселі ерлерді елестететінбіз. Ал бүгінгідей бейбіт заманда қолына найза ұстап, ерлік көрсетпесе де, жүрегіне батырлық түйіп, өз басын қатерге тігіп, адам жанына араша болып жүрген жандардың жанымызда жүргені көңілге қуаныш сыйлайды.
Біз де өз кезегімізде бүгінгінің батыры атанған Наурызбекпен танысу үшін өзіне хабарласып, сөйлескенді жөн көрдік. Ол Ащысай ауылдық округіне қарасты Сабындыкөл ауылында тұрады. Қарапайым ғана отбасында дүниеге келген ол үш қыздың арасында өскен жалғыз ұл. «Адамдардың қиындыққа тап болғанына жай ғана қарап тұру «ер азамат» деген атаққа — сын. Менің орнымда басқа адам болса да солай жасар еді», — деп бастады әңгімесін Наурызбек.
Бұл оқиға өткен жылы қазан айының 27-сі күні кешкілік орын алған. Ауыл кеші күйбең тірлікке толы болатыны сөзсіз. Өрістен қайтқан малды жайлау, шөп-жемін салу, қора-қопсыны даярлау ауыл тұрғындарының күнделікті тірлігі.

Мен де өз шаруаларымды жайғап, қора жақта жүрген едім. Көршім келіп, ауыл маңындағы «Сабындыкөл» көлінің маңайынан бір адамның көмек сұрап айқайлаған дауысын естігенін айтты. Дереу көлігіме отырып, көл жақа қарай беттедім. Расымен бір адамның көлдің ағысымен ағып, батып бара жатқанын көрдім. Шыны керек, ол кезде ойланып тұруға да уақыт болмады. Ойымда тек қана адамды құтқарып қалу болып, салқын суға секіріп кеттім. Көл ортасында сол адамның қайығы тұр екен. Алдымен қайыққа жүзіп барып, кейін адамды сол қайыққа жартылай мінгізіп, жағаға алып шығып, қолымнан келгенді жасадым. Сөйтсем, ол кісі біздің ауылға Ембі қаласынан балық аулауға келген екен, – деді Наурызбек батыр.
Күздің қара суығында өз басын қатерге тігіп, шекеден шығатын мұздай суға сүңгіп, өзге адамның өмірін құтқарған Наурызбектің ерлігі соңынан ерген інілеріне үлгі.

Зайырбек Есенжолов

Ұқсас ақпараттар

Астанада Диснейленд салынады

admin_mugalzhar

3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру мақұлданды

admin_mugalzhar

«КҮМІС ЖАС»: ЕГДЕ ЖАСТАҒЫЛАРДЫ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛДЫРМАЙДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.