«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АҢСАҒАН СӘБИ»: 6 АНАҒА БАҚЫТ СЫЙЛАДЫ

«АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛҒАЛЫ СӘБИ АҢСАҒАН КӨПТЕГЕН АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛЫП, БАЛА СҮЮ БАҚЫТЫНА ИЕ БОЛУДА. МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША 2022 ЖЫЛЫ ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАНДЫРУ ӘДІСІМЕН 6 ӘЙЕЛ ЖҮКТІ КЕЗЕҢІНЕН СӘТТІ ӨТІП, СӘБИЛІ БОЛҒАН.
Мұғалжар аудандық ауруханасының гинеколог-дәрігері Сабира Мамбетжанованың берген мәліметіне сүйенсек, аталған аурухананың есебінде 52 ерлі-зайыпты бедеулік диагнозымен тіркелген. Оның 35-і толық медициналық тексерістен өткен. Ал 15 жұп түрлі себептермен толық тексерістен өтпей, 2 жұп тексерілуден өз еріктерімен бас тартқан.
2022 жылы жасанды ұрықтандыруға барлығы 17 жұп жолданып, оның 9-ы сәтсіз-дікке ұшыраған. Ал 3 отбасы жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүю бақытына ие болды. Бүгінгі таңда 5 әйел жүктілік кезеңін өткеріп жатыр.
Медициналық тексерістен толық өткен ерлі-зайыптылардың ішінде 3 ер адамнан белсіздік диагнозы анықталды. Жасанды жолмен жүктілікке дайындалып жүргендердің арасында екі әйелдің табиғи жолмен жүкті болғаны анықталды. Бұл ата-ана үшін де, біз үшін де үлкен қуаныш болды. Сонымен қатар 9 әйелді тағы да қосымша медициналық тексерістерден өткізіп жатырмыз. Ал 2023 жылға 7 жұп тексерістен өтіп, жасанды жолмен ата-ана болуды жоспарлап отыр, — деді Сабира Мамбетжанова.
Ал Ембі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нартай Теңізбаев аталған ауруханада бедеулік диагнозымен 26 адамның есепте тұрғанын жеткізді. Бүгінде аталған ауруханада жасанды жолмен ұрықтандыру әдісімен 4 әйел бала көтерген. Ал 3 әйел сәбилі болып, ана бақытын сезінген. 2023 жылға 3 әйел жүктілікке дайындалуда.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

57 МЫҢ КӘСІПКЕР ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРМАҒАН

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА 139 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin_mugalzhar

АТА ЗАҢ — ЕЛ ТІРЕГІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.