«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа білім беру және денсаулық сақтау объектілері салынады

Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылуда.

Ақтөбе облысында 12 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Ақтөбе қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы балабақша.

Қордан Абай облысында 24 әлеуметтік маңызы бар нысанды жүзеге асыруға қаржы бөлінді. Өңірде жаңа сумен жабдықтау желілері, сондай-ақ медициналық мекемелер салынады.

Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру және сумен жабдықтау салаларында бір нысаннан салынады.

Жетісу облысында білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Алматы облысында жаңа спорт нысандары, сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелер салынады. Үкіметтің шешімімен бөлінген қаражат Кеген ауданы Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға бағытталды.

Жамбыл облысында қайтарылған қаражатқа 19 жоба салынады. 4 жоба денсаулық сақтау жүйесі желісі бойынша, тағы 15 жоба сумен жабдықтау желілерін салу бойынша.

Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 25 жобаны тапсыру жоспарлануда. Бұл медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ су құбырларын салу бойынша жобалар.

Маңғыстау облысында қайтарылған активтерге 1 денсаулық сақтау нысаны салынады.

Қостанай облысында сумен жабдықтау желілері түбегейлі жаңартылады. Сондай-ақ өңірде бір денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу жоспарлануда.

Түркістан облысында қайтарылған активтерге бір білім беру объектісін салу, сондай-ақ өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша 35 жобаны іске асыру жоспарланған.

Павлодар және Қызылорда облыстарында сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелердің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Ұлытау облысында жаңа білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау нысандары салынады.

Ұқсас ақпараттар

Биыл қандай мамандықтарға көп грант бөлінді? – министрлік жауап берді

admin_mugalzhar

БАБАЛАР МҰРАСЫ — БАЛАЛАРҒА

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІК САЯТШЫ ТАЗЫ ТҰҚЫМЫН «БРЕНД» ҚЫЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.