«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында ресми түрде 13 496 шетел азаматы жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсат құжаттарының арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 3 000 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетел жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар — 7 388) және төртінші (білікті жұмысшылар — 883) санаттарға жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 438 адам тартылды», — делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Қазіргі кезде Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 645 жұмыс беруші бар. Оларда 411 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істеп жүр, бұл өз кезегінде қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша көбі құрылыс саласында, яғни 5 458 адам (42%) қамтылған. Одан кейін тау–кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу бағатында 1 879 адам (11%), ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 733 адам (4%), өңдеу өнеркәсібіндн – 1 641 адам (7%), ғылыми және техникалық қызметте 1 057 адам (8% ) қызмет етіп жатыр.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 693 адам, Түркия – 1 615 адам, Ұлыбритания – 1 104 адам, Өзбекстан – 391 адам.

Атап айтқанда, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Бұл ведомство 2023 жылға шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 22 226 деңгейінде (0,24%) белгіледі.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде «Ashyq» пилоттық жобасын жүзеге асыру басталды

admin_mugalzhar

Сауд Арабиясында 120 мың жыл бұрынғы ежелгі адамдардың іздері табылды

admin_mugalzhar

118 ОТБАСЫ, 604 АДАМ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.