«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЗАЛЫҚ СІЗ БЕН БІЗ ДЕН БАСТАЛАДЫ…

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ОБЛЫС БОЙЫНША ЕКІ АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТКІЗУГЕ ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАДЫ. АТАЛҒАН АЙЛЫҚ АЯСЫНДА МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. СОНДАЙАҚ, 8 СӘУІР КҮНІ АУДАН БОЙЫНША ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛІП, МЕКЕМЕ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, БЕЛСЕНДІ ЕРІКТІ ЖАСТАР МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ, КӨРКЕЙТУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдос Қалимағанбетов жалпыхалықтық сенбілікте қоқыстардың арнайы қоқыс полигондарына шығарылғаны туралы айтты. Оның айтуынша, 23 елді мекеннің айналасынан, көшелер мен қоғамдық орындардың аумағынан және аулалардан қоқыс қалдықтары жиналған.

Аудан тұрғындары қоғамдық іс-шараға біркісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Аудан бойынша жалпы көлемі 8,4 гектар жерді құрайтын 11 сквер мен саябақ жиналды. Ол жердегі қоқыстар сыртқа шығарылып, көгалдандыру жұмы-стары жүргізілді. Шағын архитектуралық 5 мүсін қалыпқа келтірілді. Ұзындығы 10 шақырым болатын автожолдар бұрынғы қалпына келтірілді. Сенбілік кезінде жиналған қоқыстарды сыртқа шығаруға 20-дан астам техника жұмылдырылды. Тазарту жұмыстарына тұрғындар тартылды, — деді Айдос Қалимағанбетов.

Ал Қандыағаш қаласында өткен сенбілікке қаланың мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлері және тұрғындар қатысқан. Олар аудан орталығындағы саябақтарды, алаңдарды, көшелерді жинап, тазарту жұмыстарын жүргізді. Қаладан шыққан қоқыстарды арнайы полигонга шығару үшін 12 арнайы техника жұмылдырылған. Қала әкімінің орынбасары Қанат Мусиннің айтуынша, қала аумағындағы сенбілік ұйымшылдықпен өткен. Сенбілік аясында қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулаларын, көшелер мен қоғамдық демалыс орындарын, мектеп телімдері мен жеке сектордағы аумақтарды қоқыстан тазартты. Тазалық жұмыстарына Қандыағаш қаласының зейнеткерлері де атсалысты. Олар ардагерлер үйінің ауласын тазалап, көгалдандыруға атсалысты. Қазыналы қарияларымыз өздерінің өнегелі істерімен көпшілікке үлгі бола білді.

Жем қаласында сенбілік жұмыстары қарқынды жүруде. Қала әкімі Жұматай Бисенов қала бойынша шамамен 15 тонна қоқыс жиналғанын жеткізді. Сенбілікке 40-қа жуық тұрғын қатысып, қала көшелерін, әлеуметтік нысандардың айналасын жинаған. Сенбілік жұмыстарына шығып, тазалықты сақтауға ембіліктер де өз үлесін қосты. Қала тұрғындары жалпыхалықтық сенбілік аясында қала орталығында және мекемелер айналасында санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Ембі қаласы бойынша 120 адам сенбілікке шығып, 24 тонна қоқыс шығаруға атсалысқан. Тұрмыстық қалдықтарды шығаруға 3 арнайы техника жұмылдырылған.

Сенбіліктің басты мақсаты – қалалар мен ауылдардың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. 1 сәуір мен 13 мамыр арасында өтетін сенбілік жүйелі жалғасын табатын болады. Қала тұрғындарын сенбілік жұмыстарына шығып, тазалықты сақтауға өз үлесін қосқан жандардың еңбегін бағалауға, кез келген жерге қоқыс тастамауға шақырамыз. Алдағы уақытта айналамызды бүлдіріп, қоқысты белгіленбеген жерге тастаған тұрғындарға тиісті заңдылықтарға сәйкес шара, яғни, айыппұлдар салынатын болады, — деп ескертті Ембі қаласы әкімінің орынбасары Иманбай Шамахұлы.

Жұрын ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Тұрғанай Беркалина екі айлық сенбілікті өткізу үшін іс-шара жоспарының құрылғанын жеткізді. Округке қарасты елді мекендердің көшелерін, саябақ, аялдама, мекеме айналасын, өзен-көлдердің жағаларын қыстан қалған қоқыстан тазарту жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда округ бойын ша 18 көше мен саябақтар, бейіттердің айналасы тазартылды. Алдағы уақытта Қандыағаш мен Ембі бағытындағы тас жолдың бойын тазалауды, округ аумағындағы өзенкөлдердің жағалауларындағы қоқыстарды жинауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ауыл көшелерін абаттандыру үшін тал көшеттерін де отырғызамыз, — деді ол.

Ащысай ауылдық округіндегі елді мекендердің аумағы жиналып, 3 тонна қоқыс сыртқа шығарылған. Сонымен бірге ауылдық жерлердегі қоғамдық орындар мен көшелер де, аулалар да қоқыстан тазартылған. Аумағы 2 гектар жерді құрайтын саябаққа тазарту жұмыстары жүргізілген. Округ бойынша 30-ға жуық тұрғын шығып, сенбілікке атсалысқан. Түрлі техникалары бар ауыл кәсіпкерлері қоқыстың шығарылуына өз үлестерін қосқан.

Сенбілікке ауыл тұрғындары белсене қатысты. Олар өз аулаларындағы қоқыстарды тазалап, қоршауды жөндеп, жиектерді, ағаштарды әктеді. Алдағы уақытта екі айлық сенбілік аясында жұмыстар жүйелі жүргізіліп, абаттандыру қолға алынатын болады, — деді ауыл әкімі Баймұрат Оразов.

Екі айлық сенбілікке белсене атсалысқан батпақкөлдіктер барлық елді мекен бойынша тазалық жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда санитариялық тазалық жұмыстарына көше тұрғындары және мекеме жұмысшылары атсалысуда. Сенбілікке округ бойынша 30 адам жұ-мылдырылып, 1 арнайы техника тартылып, 1,1 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылған. Ауыл әкім Мейрамбек Боқашев алдағы апталарда мұнай мекемелерінің демеушілігімен көгалдандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Еңбек ауылдық округінде орналасқан әлеуметтік нысандардың жан-жағы толықтай жиналып болған. Ауыл әкімі Аманбай Каюповтың айтуынша, бүгінде ауыл тұрғындарының аулаларындағы қыстан шыққан малдың қилары мен тезектері, тұрмыстық қалдықтары шығарылуда. Бұл қоқыстарды арнайы орынға тасу үшін тұрғындар әр рейске 6000 теңгеден төлеуде. Аталған қызметті ауылдағы «Асқар» шаруа қожалығының иесі Нұрболат Калин көрсетуде.

Қыстан қалған қоқыстарды жинауға Талдысай ауылдық округінің тұрғындары да атсалысты. Округтегі әлеуметтік нысандар мен мекемелердің қызметкерлері өздеріне тиесілі аумақты тазалап, 4 тоннаға жуық қоқысты арнайы полигонға шығарған.

Құмжарған ауылдық округінің орталығы Бірлік ауылының тұрғындары сенбілікке жаппай қатысқан. Ауылдағы Наурыз, Еңбекші, М.Захаров, Б.Бримова, Ғ.Аязбаев, Достық, М.Ма мытов көшелері қоқыстан тазартылған. Тазарту жұмыстарына жалпы саны 96 адам қатысып, 5 арнайы техника жұмылдырылған.

Ақкемерліктер сенбілік аясында ауылда орналасқан әлеуметтік нысандардың айналасын тазалап, талдарды әктеуде. Ақкемер ауылдық округінің әкімі Дамир Қожаниязовтың айтуынша, сенбілікке округтен 40- тан астам тұрғын қатысып, 4- тоннадан астам қоқыс жинаған. Сонымен бірге мекемелердің айналасына 50 түп жеміс ағашының көшеті отырғызылған.

Қайыңды ауылдық округінде өткен сенбілікке 50 адам жұмылдырылған. Ауыл әкімі Нұрболат Жалғас округ бойынша 10 тоннадан астам қоқыс шығарылғанын жеткізді. Жиналған қоқыстарды арнайы полигондарға шығаруға «AltynEx Соmpany» АҚ-ның басшылығы демеушілік көрсетіп, қоқыстарды шығаруға КаМАЗ және арнайы ауыр техника берген.

Мұғалжар ауылында өткен сенбілікке 30 адам қатысқан. Ауыл әкімі Әлімжан Қорғанбайдың айтуынша, тазарту жұмыстарына 3 техника жұмылдырылып, 40 тонна қоқыс шығарылған. Ол сенбілік жұмыстары алдағы уақытта 31 мамырға дейін жалғасатынын айтты.

Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Руслан Бисенбин округтегі өткен жалпыхалықтық сенбілікке ауыл тұрғындары белсене қатысқанын жеткізді. Округ бойынша жалпы саны 34 адам қатысып, 5 тоннаға жуық қоқыс жинап, арнайы орындарға шығарған. Тұрғындардың аулаларынан шыққан тұрмыстық қалдықтарды Қандыағаш қаласының арнайы техникалары бар кәсіпкерлері ақылы түрде арнайы полигонға тасып берген. Тазарту жұмыстарына 4 арнайы техника жұмылдырылған.

Сенбілік жұмыстары басталғалы Егiндiбұлақ ауылдық округі бойынша 23 тонна қоқыс жиналған. Ауыл әкімі Әлімжан Андакулов округ аумағында барлық мекемелердің қызметкерлері атсалысқанын айтты. Аталған жұмыстарға арнайы 4 техника жұмылдырылып, 118 адам қатысқан. Алдағы уақытта ауылды абаттандыру жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді.

Өткізіліп жатқан сенбілік барысында Құмсай ауылындағы орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, балабақша, ауыл әкімдігінің маңы толығымен қоқыстан тазартылған. Сонымен бірге Құмсай ауылында орналасқан 2 саябаққа да тазарту жұмыстары жүргізілген. Ауылдағы тазартылған алқаптың көлемі 2 гектарды құраған. Тазарту барысында 2-3 тонна жиналған қоқыс арнайы техникалармен қоқыс полигондарына шығарылған.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

 

Ұқсас ақпараттар

БОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру мақұлданды

admin_mugalzhar

ЖЕМ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН КӨПІРДІҢ ЖАНЫНАН ЖАҢАСЫ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.