«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БЕС ҰЛТТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОСҚАН ОТБАСЫ

ӘР ЖЫЛ САЙЫН 1 МАМЫРДА ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ТУРАЛЫ ҚАЛАМ ТЕРБЕУ ҮРДІСКЕ АЙНАЛҒАЛЫ ҚАШАН. БҰЛ ЖОЛЫ ДА СОЛ ӘДЕТТЕН ЖАҢЫЛМАЙ, ҰЛТЫ ӨЗГЕ БОЛСА ДА, ӨЗІ ЖАҚЫН ЖАНДАРДЫ ӘҢГІМЕГЕ ТАРТТЫҚ.

Ембілік Мусаевтар отбасы расымен әр түрлі ұлттың басын қосқан отбасы. Әулеттің отағасы Мусаев Мырзакулудың ұлты әзірбайжан болса, отанасы Наталья Сороконок орыс ұлтынан. Ал олардың келіндері, біздің кейіпкеріміз Арзу Гафарқызы әзірбайжан болса, оның абысындарының бірі неміс, ал енді бірі татар ұлтының қыздары. Кіші келіні қазақтың қаракөзі екен.

Келін болып түскен жеріммен мақтанамын. Бірнеше ұлт өкілдері татулықта, ауызбіршілікпен өмір сүріп жатырмыз. Енемнің өмірден өткеніне 2 жыл болды. Бүгінде енеміздің салып кеткен сара жолымен бірлікті сақтап келеміз. Бір-бірімізге сыйластығымыз өте жоғары, татутәтті отбасымыз. Көп ұлт болғандықтан, барлық мейрамды, әрқайсысымыздың ұлттық мерекемізді тойлаймыз. Ораза да ұстаймыз, наурыз бен пасханы да атап өтеміз. Долма, борщ, бешбармақ, кез келген тамақтың дәмін келтіріп жасаймыз, — дейді әзірбайжан қызы Арзу.

1990 жылы Мақтарал ауданында дүниеге келген ол 2017 жылы Ембі қаласына келін болып түскен. Қазіргі таңда 1 ұл, 1 қыздың анасы. Ембі қызмет көрсету саласы колледжінде ағылшын пәнінен дәріс береді.

Меніңше, бастысы қай ұлттан екенің емес, қандай адам екенің маңызды. Біз бір-бірімізді бөліп-жармаймыз, ана ұлтсың, мына ұлтсың демейміз. Әр ұлттың баласы өз тарихын, ата тегін, ұлтының салт-дәстүрін, тілін біле жүріп, өзі өмір сүріп жатқан елінің тарихы мен дәстүрін, тілі мен ділін де біліп, құрметтеуі қажет. Сонда ғана бірлік пен татулық орнайды, — дейді Арзу Мусаева.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

93 АДАМДЫ ИТ-МЫСЫҚ ТАЛАҒАН

admin_mugalzhar

Президент Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барды

admin_mugalzhar

Бейжіңдегі Олимпиадада қазақстандықтардың өнер көрсету кестесі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.