«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕРЛЕСЖАС ӘРТІСТЕРДІҢ ЖҮЛДЕСІ

“Бала шабыты” халықаралық конкурс жобасы Spring Fest дарынды балалар мен жастарға арналған байқау нәтежесінде Қандыағаштық жас әртістер І орынды қанжығаларына байлады.

Алматы қаласында өткен халықаралық конкурста “Театр шығармашылығы және көркем сөз” номинациясы бойынша 8 жастан 13 жасқа дейінгі жас аралығында өткен сында ауданымыздың атынан шыққан “Ds theater studio” шәкірттері үздік танылды. Олар көрсеткен сахналық қойылым Абай Құнанбаевтың 45 қара сөзінен компазиция болатын. Сонымен қатар жеке көркем сөз номинациясы бойынша Асылжан Ержанова І орынға ие болды. Өнерлі оқушыларға Дәулет Серікбаев жетекшілік етеді.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Еңбек құқығы және мемлекеттік қызметшілердің қадір-қасиетінің қорғалуы

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

АЯУЛЫМ — ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЛҒАШҚЫ ЧЕМПИОН

admin_mugalzhar