«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СОҒЫС АРДАГЕРІ ҚАЗТАЙ ТЫНЫШТЫҚОВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Құлмағамбетов Ембі қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қазтай Тыныштықовты Жеңістің 78 жылдық мерекесімен арнайы құттықтап барып, сый-құрмет көрсетті.

Бекболат Қалдыбайұлы соғыс ардагеріне соғыс жылдарындағы ерліктері мен батырлықтары үшін Ақтөбе облысының әкімі Е.Тоғжановтың ерекше ілтипатын жеткізіп, құттықтау хатын табыстады.Майдангер өзін құттықтап келген аудан басшылығына алғысын айтып, елдің тыныштығы мен амандығы үшін ақ батасын берді.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

admin_mugalzhar

Н.ҚОБЛАНОВ: «НАМЫС ДОДА» БАҒДАРЛАМАСЫ — ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІМ

admin_mugalzhar

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar