«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданы Жем қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Қорғаныс вице-министрі Мұхамеджан Таласов, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Дәулет Оспанов Жем қаласына барды.

Жұмыс сапары барысында делегация Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ Жем қаласына қоныс аударған әскери бөлім қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі жан-жақты қолдау шараларымен танысты.

Қазіргі уақытта бұрынғы әскери қалашықтың жағдайын жақсарту мақсатында облыс әкімдігі ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп нақты шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер, 10 көпқабатты тұрғын үйдің меншік иесі Сәуле Төреханова үйлерге кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы бірнеше жылда Жем қаласында әлеуметтік нысандар, №5 орта мектеп жөнделді, жаңа спорт алаңы салынды, қаланың үш орталық көшесіне асфальт төселді. Мәдениет үйі, балабақша, амбулатория жұмыс істеп тұр. Былтыр жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Жем қаласындағы №3 аула клубына күрделі жөндеу жүргізілді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ., «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Нұршат Романқызы: Шет елде білім алу — өзімнің қалауым

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды қандай жағдайларда жансыздандырады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.