«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.

Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! – деп жазылған құттықтауда.

Айта кетейік, биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толды.

Ұқсас ақпараттар

Өңірде 24 жаңа мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда

admin_mugalzhar

ГРАНТ – БІЛІМ және МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА

admin_mugalzhar