«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2023 жылдың 1 қазанынан бастап микрокредиттердің пайызы жаңа әдіспен есептеледі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 26 мамырдағы қаулысымен Ұлттық банктің «Микрокредит беру шарты бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулерге сәйкес, азаматтармен 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге кепілсіз микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшері:

  • тәулігіне 1%-дан аз, бірақ 30 АЕК-ке дейін (103 500 теңгеге дейін) берілген микрокредит сомасының 20%-дан аспауы;
  • тәулігіне 1%-дан аз, бірақ 30 АЕК-ке тең немесе одан жоғары (103 500 теңгеден астам) берілген микрокредит сомасының 15%-нан аспауы керек.
  • Азаматтармен кепілсіз микрокредиттер бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері күніне 0,8 %-дан аспайтын, бірақ 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге берілген микрокредит сомасының 20 %-ынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.45 күнтізбелік күннен асатын мерзімге азаматтармен микрокредит беру шарты бойынша сыйақының шекті мөлшері тәулігіне 0,4%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

    Қаулы 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Ұқсас ақпараттар

Артық қаржыландыруды тоқтату қажет: Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялаудағы алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды пысықтауға бір апта уақыт берді

admin_mugalzhar

ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚЫП, ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ ЖАНАРЫС РАХМЕТҚАЛИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar