«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛАМАН – АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

7-11 маусым күндері Астана қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті.
Чемпионатқа әлемнің 30 елінен 600 спортшы қатысты. Осы чемпионатқа қатысқан Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Еламан Қойшыбаев 88 келі салмақта спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жаттықтырушылары Эдуард Саламат пен Ақтөбе облысының аға бапкері Ақәділ Убаев.

Еламан қараша айында самбодан Армения мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар Еламан тамыз айында Белорусия мемлекетінде өтетін ТМД елдерінің ойындарында, қазан айында Кувейт мемлекетінде өтетін Дүниежүзілік ойындарында ел намысын қорғайды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысы 2023 жылдың соңына дейін рекордтық 1,1 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

admin_mugalzhar

Президент: «Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш»

admin_mugalzhar

204 ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar