«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Иманбай ҚОСМҰХАНБЕТОВ, Ембі қаласы әкімінің орынбасары: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫС – ХАЛЫҚҚА ЖЕТЕР СОНДА ІС

ӘРБІР ЖУРНАЛИСТІҢ АҚПАРАТ АЛАТЫН «ӨЗ АДАМДАРЫ» БОЛАДЫ. ОЛ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ДЕ ҚАТЫСТЫ. СҰРАҒАН МӘЛІМЕТ ПЕН РЕСМИ АҚПАРАТТЫ ТЕЗ ӘРІ ТОЛЫҚҚАНДЫ БЕРЕТІН БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМНЫҢ ТІЛШІЛЕРІМЕН ТЫҒЫЗ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТА. ӘРИНЕ, СҰРАҒЫМЫЗҒА ЖАУАП БЕРМЕЙ, ТЕЛЕФОН СОҚСАҚ КӨТЕРМЕЙ, ІЗДЕП БАРСАҢ ҰСТАТПАЙ, ӘЛЕККЕ САЛАТЫНДАР ДА ЖОҚ ЕМЕС. СОЛ СЕБЕПТІ МЕРЕКЕЛЕРІ ҚАРСАҢЫНДА ГАЗЕТПЕН ТЫҒЫЗ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮК ТЕ «ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕМЕС» ЕКЕНІН, МӘЛІМЕТ БЕРУ ҮШІН УАҚЫТ СОЗУДЫ ҚАЖЕТ ДЕП ТАППАЙТЫН ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНДАРЫН СӨЗГЕ ТАРТТЫҚ…

Мемлекеттік қызметте еңбек ету – жүрек қалауым болды. Бұл салаға бір бас сұққаннан кейін оны абыроймен алып жүруің керек. Қызметтен бос уақытта да сақтықпен, қырағылықпен, байсалды қалыппен жүріп-тұруың да — маңызды. Бұл бір жағынан бойға өзі сіңіп кететін әдет екен. Себебі 23 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызмет саласында қызмет етіп келемін. Жұртшылықтың кейбір сәттерде қызметіміздің жақсы жағынан гөрі теріс жағын, тіпті, кездескен кезде жағымсыз пікірлерін алға тартуы адами тұрғыдан өзімізге ауыр тиіп жатады. Бұндай жағдайда халықты тыңдап, байыппен қарапайым мысалдармен түсіндіруге тырысамыз. Қызметімнің алғашқы уақыттары Атырау қаласында өтті. Өйткені өзім сол жақтың тумасымын. 1993-2006 жылдар арасында мен Сүйіндік селолық округі әкімінің орынбасары болып, кейін 2007 жылы Орал қаласына кө-шіп «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемесінде 2013 жылға дейін менеджер қызметін атқардым. 2013 жылы Мұғалжар ауданына келіп, Ембі қаласын әкімі аппаратына жетекші, бас маман болып, 2020 жылдан бастап қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Халыққа әрқашан сауатты, дұрыс бағыт-бағдар ұсыну үшін де әрдайым ізденісте болу керек. Өзім қазіргі таңда біліктілікті арттыратын арнайы курс оқып жатырмын. Жалпы қайсы бір мамандық болса да үдере дамуды талап етеді. Заман ағымы күн сайын өзгеріс үстінде. Көштен бір қалсаң, қосылып кетуің, ол дүниелерді қорытуың біраз уақытты да алады, әрі қиындық туғызады. Оқу барысында біраз затты меңгеріп, ой-тұжырым өзгерді. Оқу бағдарламасында БАҚ өкілдерімен байланыс туралы да айтылды. Жергілікті жердің тыныс-тіршілігін ақпараттандырып отырсақ, нұр үстіне нұр емес пе?! Ақпараттан жалтарып, қойылған сұраққа нақты жауап бермесең, қызметіңе де немқұрайлылық деп ойлаймын. Жасалып жатқан жұмыстардың бір парасын ақпарат көздеріне жолдасаң — жұмысыңның жемісі.

Ұқсас ақпараттар

ТУҒАН ЖЕРІМ ДЕЙТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ГАЗЕТ

admin_mugalzhar

2023 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгерді

admin_mugalzhar

ЖҰРЫНДЫҚТАР ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.