«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Дүйсенбіде орталық саябақта «Домбыра дастандомбыра күй» атты ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік шара өтті. Аталмыш шараға ардагерлер мен ұлттық өнерді дәріптеп жүрген домбырашылар және аудан тұрғындары қатысты.

Күйші Б.Күзембаев жетекшілік ететін домбырашылар ансамблі Құрманғазының, Қазанғаптың, Махамбеттің, А.Малдыбаевтың, Дәулеткерейдің «Ақсақ киік», «Қайран шешем», «Ерке сылқым», «Балбырауын», «Байжұма», «Көріғұлы» күйлерін орындаса, «Қазына» ардагерлер ансамблі А.Жұбановтың «Би күйі» мен Темірғалиевтің «Өрлеу» күйлерімен көрермендердің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, мерекелік шараны халықтық «Алтынзер» би ұжымы бимен көркемдесе, термешілер Ж.Әбдірейім мен Ж.Бүргебаев Нұртуғанның «Өсиет», Майлықожаның «Мен өзім таңға жуық ояу едім», Қ.Ерімбектің «Адал досқа бол риза», «Жаса, адалдығым, байлығым» термелерімен әдіптеді. Сонымен қатар, «Қазына» тобының әншілері Н.Мұқанова мен Н.Темірбаева және Ж.Ізбасаровтар халық әні «Дүние-ай», Т.Ізтаевтың «Нурикамал» әндерімен жиналғандардың ықыласына ие болды.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Олжас Бектенов ҚР Премьер-Министрі қызметіне бекітілді

admin_mugalzhar

Қазақстандық ауыл тұрғындары бизнесті дамытуға 2,5%-бен несие ала алады

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.