«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Білесің бе, балақай?

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ БАЙ ДЕСЕ ДЕ БОЛАДЫ. ӨТКЕННЕН ТАМЫР ТАРТҚАН БҰЛ ЕСКЕРТКІШ-МАЗАРЛАР ӨЗ ДӘУІРІНЕН СЫР ШЕРТІП ТҰРҒАНДАЙ, ҚҰДДЫ…

Көтібар батыр кесенесі

Көтібар Бәсенұлының кесенесі Ақтөбе қаласынан 100 шақырым жерде Көктөбе мекенінде орнатылған. Кесененің биіктігі 12 м. Маңғыстау түбегінен жеткізілген ұлутастан өрілген. Сырым, Көтібар бастаған Кіші жүз қазақтары бірлігінің белгісіндей кесене жанында үш қой тас орнатылып, оның бетіне Әлімнің, Шөменің, Байұлының, Жетірудың 29 руларының таңбасы ойып жазылған. Кесене жанына орнатылған құлыптас бетінен Көтібардың үзеңгілес, қарулас замандастарының есімдерін оқуға болады.

Құдайбергеннің көк үйі

Құдайберген деген белгілі бай Орынбор қаласындағы орыс, татар көпестерінің үйлерінің үлгісімен өзіне, кенже інісі Қуанышбайға үй салдырады. Өз үйінің төбесін қаңылтырмен жаптырып, көк бояумен сырлатқан. Сондықтан оны «Құдайбергенннің көк үйі» деп атап кеткен. Кейін бұл үй орталау мектеп интернат болған. 1930-1932 жылдардан кейін бұрынғы Жомарт, Қуат, Шеңгелши, Жағабұлақ, Жаркемер елді-мекендерінің жоғары сыныптағы балалары оқыған.

Бердіқожа мазары Шеңгелши қонысынан 3 шақырым оңтүстікбатысқа қарай орналасқан. Төртбұрышты орталық күмбезді мазардың биіктігі-3,75 м. Салынған кезі – ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басы.

Қарағұл там-мазары Борлы қонысынан 10 шақырым оңтүстүк-шығысқа қарай орналасқан. Сегізқырлы, күмбезді мазар күйдірген кірпіш пен шикі кірпіштен араластырыла өрілген. Жоғары бөлікте 17 қырлы дөңгелек шар тәрізді күмбез болып аяқталады. Мазардың биіктігі-6,70 м. Салынған кезі – ХІХ ғасыр.

 

Ұқсас ақпараттар

Дәулет СЕРІКБАЕВ: ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ОРНЫ БІР ТӨБЕ

admin_mugalzhar

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

1 қыркүйекте балалар мектепке бара ма? Есмағамбетова жауап берді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.