«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА АЛТЫ МЕКТЕП САЛЫНУДА

Оқушыларды сапалы біліммен қамтамыз ету үшін өткен жылы аудан аумағында жалпы саны алты мектептің құрылыс жұмыстары басталған еді. Ауыспалы кезеңмен жүзеге асырылып жатқан білім ошақтарының біреуі осы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолов айтты.

Биыл пайдалануға берілетін Темір көпір стансасындағы 60 орындық жаңа мектептің құрылысына 415,5 млн теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Град Строй Сервис» ЖШС-і жүргізуде. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жасалуда.

Аудан аумағында бұдан өзге тағы бес мектеп салынуда. Айталық, Талдысай ауылында 100 орындық, Қандыағаш қаласының «Самал» шағын ауданында 600 орындық, Ембі қаласында 320 орындық, Алтынды ауылында 60 орындық жаңа мектеп құрылыстары жүргізілуде. Аталған мектептердің құрылыс жұмыстары өткен жылы түрлі себептерге байланысты уақытша тоқтаған еді. Бүгінде құжаттар қайта түзетуден өткізіліп, жұмыс барысы жандануда. Талдысай ауылынан салынып жатқан жаңа мектептің құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыс жұмыстары үшін бюджеттен 471019,039 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жаңа мектеп ғимаратының жалпы ауданы 2026 шаршы метрді құрайды, — деді Бахраман Аманжолұлы.

Ал Қандыағаш қаласының «Самал» шағын ауданында салынып жатқан 600 орындық жаңа мектептің құрылысына бюджеттен 1 562 991,7 мың теңге бөлінген. Мектепті салу жұмыстарын «ARS BUILDING» ЖШС-і өз жауапкершілігіне алған. Жаңа мектеп ғимаратының жалпы ауданы — 10301,62 шаршы метр.

Аудандық білім бөлімі басшысының берген мәліметі бойынша, Ембі қаласындағы салынып жатқан мектептің құрылысына 1 042 550, 05 мың теңге бөлінген. «РУС ТАЛ» ЖШС-і жауапкершілігіне алған құрылыс жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде. Мектеп ғимаратының жалпы ауданы 15772,4 шаршы метрді құрайды. Ал Алтынды ауылында 60 орындық жаңа мектеп құрылысына бюджеттен 307 196,5 мың теңге бөлініпті. Жалпы ауданы 1055,36 шаршы метрді құрайтын мектептің құрылыс жұмыстарын «Ер Қанат Сервис» ЖШС-і жүргізуде. Айта кететін жайт, аталған мектептерді салуға облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс берген.

Білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолұлы осы жылы Ащысай ауылдық округінің орталығында 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталатынын айтты. Ащысайлық оқушылар үшін салынатын жаңа мектеп ғимаратының құрылысына 304,7 млн теңге бөлінген. Бүгінде құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені анықтау үшін конкурс жарияланған.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысы экономикасының өсімі тұрақты

admin_mugalzhar

ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМА!

admin_mugalzhar

7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.