Әлия Умарова — аудандағы белсенді жастардың бірі. Ауданның мүмкіндігі шектеулі жандарымен жұмыс жасап, олардың дамуына, ашылуына, қоғамға қосылуына титтей де болса өз үлесін қосып, сол жолдағы жұмыстарды тыңғылықты іске асырып келе жатқан іскер жан.
«Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамының Мұғалжар аудандық филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып қызмет еткеніне 1 жылдан аса уақыт өткен оныңжалпы осы қоғамдық бірлестікте жүргеніне биыл 8 жыл болған.
—Төрайым болу мүлде ойымда болған емес. Бірақ осы ортада жүргендіктен олардың жағдайын, сырларын, мұң-мұқтаждарын өте жақсы білемін десем де болады. Мүмкіндігі шектеулі жандар көбінесе іштен тынып жүреді. Сыртқа шыққысы келмейді, жастар арасында дами алмай, бастарын тік көтере алмай жүреді. Жалпы айтқанда, үйде тығылып отырады. Мүгедектер де қоғамның мүшелері. Бірақ өкінішке орай, онсыз да көңілі жарым жанның толыққанды өмір сүруіне бар жерде бірдей жағдай жасала бермеген. Мың жерден институт жаса, мың жерден жұмыс орнын аш, егер мүгедек адам үйінен шыға алмаса, мына көшемен жүре алмаса – жаңағының барлығы еш қажетсіз болып қалады, — дейді Әлия.
—Аталмыш қоғамның басым көпшілігі жастар. Сол жастардың ештеңеден кем болмауы жолында еңбектеніп жүрген қайсар қыз «мүгедектің мүмкіндігі шектелмесе екен» дейді. Мүгедек — ол ауру деген сөз емес. Ал біздің қоғамда сол баяғы кезден қалыптасқан ескі түсінік бар. «Мүгедек» десе, әрбір адамның көз алдына аяққолыжоқадамелестеп, олар ештеңеге жарамайды деп ойлайтыны рас. Ол дұрыс емес. Егер бұл мәселеге сол ескі тұрғыдан қарайтын болсақ, бізде мүгедектер мәселесі ешқашан шешілмейді. Біздің қоғамдамықтымықты жастар бар, мейлі олар жүре алмайтын шығар, мейлі қолдары жоқ болар, құлағы естімейтіні де бар, көзі дұрыс көрмеуі де мүмкін. Бірақ басы жұмыс жасайды емес пе?! Мысалы, осында Индира деген қыз бар. Ол өзі компьютерді жақсы меңгерген, қолынан барлық дүние келеді, идеяға тұнып тұрады. Ал өткен жылы «Жастар тәжірибесімен» арамызға Ұлболсын атты жас келді. Ол да өте ширақ, пысық, бәрін тез үйреніп кететін жан екен. Оның тәжірибе бойынша уақыты бітіп, енді басқа жерде жұмыс болмағасын, ақылы қоғамдық жұмыспен ішкеалып қалайын деп отырмыз. Тағы бір азаматымыз бар, ол баладан өте мықты маман шығады. Бірақ өкінішке орай, ол бір мекемеде күзетші болып жұмыс жасап отыр. Міне, бір-бір жерде білікті маман болып отыратынжастар тұрақты жұмыс таппағаннан кейін осылай жүруге мәжбүр. Қынжылтатыны да осы, — дейді белсенді жас.
Бүгінде Әлия массаж жасаумен айналысады. Көбіне кішкентай балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға тапсырыс түсетінінжеткізді. Ал ерекше санаттағы бала мен ересек адамды 50 пайыз жеңілдікпен қабылдайды екен. Алдағы уақытта мемлекеттен грант алудан да дәмелі. Өйткені, өзінің жоспары көп, идеясы да ерекше. Тіпті, бизнес-жоспарын дажасап қойыпты.
Жоспар көп әрине, тек жүзеге асыруға мүмкіндік болсадеймін. Алдағыуақыттаөз кәсібіммен бірге, ерікті мүгедектер қоғамының жұмысын да дамытуды мақсат етіп отырмын. Қоғамның өзі «мүмкіндігі шектеуліжан» деп статус берген ерекше жандардың дегенін жоғарыға жеткізіп, екі ортаға көпір болып, сол адамдардың бүгінгі қоғамда толыққанды өмір сүруіне барынша жағдай жасауға үлесімді қоссам деймін, — дейді Әлия Умарова.