«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Нұрлан СЕЙТКАМАЛОВ, Мұғалжар ауданының 2004 жылдағы әкімі

Нұрлан Сейткамалов Мұғалжар топырағының тумасы. Жұрын ауылында дүниеге келген ол өндіріс саласында елеулі еңбек етті. Ол «Восток нефтегаз электро монтаж» тресінің №11монтаждау басқармасында мастер, учаске басшысы қызметтерін атқарды. 1990-1991 жылдары «Даму» аумақтық акционерлік қоғамына қарасты құрылыс-монтаждау басқармасының бастығы қызметінен бастап биік мінбеге бел байлап, 1991-1993 жылдары «Болашақ» шағын кәсіпорын директоры, 1993-2002 жылдары «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның өндірістік технологиялық жұмыстарды үйлестіру депортаменті директорының бірінші орынбасары қызметтерінде еңбек сіңіреді. 2003 жылы халықтың қалаулысы болып, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына сайланады. 2003 жылы түгел бір ауданның намысы жүк қылып, Мұғалжар ауданы әкімінің қиындығын да көреді. 6 ай ғана басшы болған Нұрлан мырза халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қиындыққа мойымай, жаңадан бой көтеріп келе жатқан Қандыағаш қаласына қолдау көрсете білді. Жылу және су құбырлары әбден ескірген. Жергілікті тұрғындар уақыты мен ғана сыздықтап ағатын суды таңнан кешке дейін кезекке тұрып алатын. Осы мәселені шешу үшін біраз тер төгіп, халықтың мұңын тартқан Нұрлан Сейткамалов Қандыағаш қаласының тазалыққа көп ден қойған. Ол кісі тек қаланың көркейюіне ғана үлес қоспай, қайырымдылық шараларына да атсалысып жүрген жан. Жылдағы аз қамтылған отбасыларға көмек, құрбандық шалу, «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға көмек қолын созып отырады. Талай жыл ел үшін еңбек еткен Нұрлан Зейноллаұлы 1996-1997 жылдары Қандыағаш қаласындағы «Нұртай» мешітін салу жұмысына жанашырлық танытып, елдің жүгін жұмыла көтеруге жұмыс жасайды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАРЫҚ ҚАЛА — ҚАУІПСІЗ ҚАЛА

admin_mugalzhar

ЕЛАМАН — «АҚТӨБЕ БАРЫСЫ» АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Тоқаев несие тарихын сақтау мерзімін қысқартатын заңға қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.