«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕҢІСПЕН КЕЛДІ БАЛАЛАР

Атырау қаласында өткен «Батыс аймақтық» республикалық  турнирге қатысқан қандыағаштық «Judo kids Kandyagash» спорт клубының жас спортшылары жүлдемен оралды.
Аталмыш турнирге Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарынан 500-ге жуық қатысушы келген. Екі күнге созылған тартысты додаға «Judo kids Kandyagash» клубының 15 жас спортшысы қатысты. 2012-2013 жылғы туылған жасөспірімдер арасында өткен тартыста ауданымыздың намысын қорғаған спортшылардың бәрі де жүлделі болды. Атап айтсақ, 23 келі салмақ дәрежесінде Айсұлтан Сағидолла І орын иеленсе, 30 келі салмақ дәрежесінде Кәусар Елтаева, Аягөз Сарсенғазиева ІІІ орынды, сондай-ақ 35 келі салмақ дәрежесінде Інжу Қайролла ІІІ орындарды жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша 8 алтын, 2 күміс және 5 қола медальға ие болған қандыағаштық спортшылар командалық есеп бойынша І орынның тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарды жарысқа дайындаған бапкер Гүлмира Сағи шәкірттерінің бәрі үмітті ақтап, керемет нәтижемен көзге түскенін жеткізді.

А.ІЛИЯС

Ұқсас ақпараттар

ҚОЖАСАЙҒА ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

Универсиада – 2023: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

admin_mugalzhar

ҒҰЛАМАЛАР ШЫҚҚАН ӨЛКЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.