«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЖАСАЙДА МЕРЕКЕЛІК ЖАРЫС ӨТТІ

Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай ауылында Конституция күні мерекесіне орай 2010-2014 ж.т. жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті.

Жарысқа арнайы қатысқан аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, оқушыларға тұрақты спортпен айналысу мақсатында күрес кілемін табыстады.

Жарысқа Жағабұлақ және Қожасай ауыдарынан 50-ге жуық оқушы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған оқушылар медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар Қожасай ауылының 30 оқушысына «Мектепке жол» акциясы аясында «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС-нің демеушілігімен мектепке қажетті оқу құралдары табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Жағдай бақылауда

admin_mugalzhar

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Уылдырық шашу» және «Таза су айдындары» акциялары басталды

admin_mugalzhar