«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында қолға алынып, дәстүрге айналған республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл да өз жалғасын табуда. Осы акция аясында Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде шара өткізілді.

Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау танытып, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету, — деді мектептің әлеуметтік педагогі Балсұлу Смағұлова.

№1 мектептің 65 оқушысын қамтыған акция 1 тамыздан 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Акцияғажергілікті кәсіпкерлерменмектеп ұжымы және атааналар демеушілік жасауда. — Олардың қатарында жеке кәсіпкер Аманжол Адаев, «Айым» мейрамханасының, «Адия», SULTAN TRAGDE, «Форсаж» дүкендерінің иелері, аудандық мешіт жамағаты, «ФинЛюкс» ЖШС-і және жеке тұлғалар бар деген мектеп директорының бастауыш сыныбы бойынша орынбасары Ләйлә Қалиева демеушілерге көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріп, балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Енді Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы теміржол билеттерін алуға болады

admin_mugalzhar

Елімізде қай пәннің мұғаліміне сұраныс көп?

admin_mugalzhar

Көктемгі тасқыннан орталық және жергілікті билік сабақ алу керек — Қ.Тоқаев

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.