«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

Жуырда Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды қолдана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын іске қосқан еді.

Жоба аясында 12 тірек мектебі және 134 шағын жинақты мектеп оқушыларына сапалы білім беру, мұғалімдерді даярлау, материалдық-техникалық базасын нығайту, интернет жылдамдығын арттыру көзделген. Облысқа жұмыс тобымен бірнеше рет келіп, шағын жинақты мектеп мәселесін зерделеп, мұғалімдерді оқыту, балаға сапалы білім беру, мектептерді жабдықтауға қолдау жасауға ұсыныс берген еліміздің еңбек сіңірген ұстазы Күләш Ноғатайқызы жобаны жүзеге асыру модульдерін анықтап берді. Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға «Қазақстан халқына» және «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорларымен 5 млрд теңге бөлінді. Аталмыш жоба аясында ауданымызда Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы тірек мектебі тізіміне кірді. Сонымен қатар Ы.Мұхамеджанов атындағы Жарық және Елек негізгі мектептері магниттік мектептер, яғни шағын жинақты мектептер болып бекітілді.

Осыған орай, 2 қазан күні Мұғалжар аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Медет Шарипов, шағын жинақталған мектептер бойынша әдіскер Жансұлу Айтбаева Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында тірек мектебі бойынша сабақ беретін пән мұғалімдерімен кездесіп, дөңгелек үстел өткізді. Zoom платформасында сабақ өткізу барысында магнитті мектептердегі пән мұғалімдерімен де сабақтастық туралы ой бөлісті. Алдағы уақытқа бірлескен іс-шаралар жоспарлары талқыланды. Айта кетейік, жобаға қатысатын мектептерге «BilimLand», «Daryn Online», «Күнделік», «AmanSultan», «Roqed Science» секілді цифрлық білім беру платформалары қолдау көрсетеді.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

 

Ұқсас ақпараттар

РӘМІЗДЕР — ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ

admin_mugalzhar

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ТЫЛ АРДАГЕРІ

admin_mugalzhar

Тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікке залал келген жоқ — Министрлік

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.