«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН БОЙЫНША 297,8 МЫҢ ТОННА ШӨП ОРЫЛҒАН

Қыр астында қылышын сүйретіп қоянның қысы келеді. Бұрын үлкендер қоян жылының қысы қатты болатынын айтып, ертерек қам қылатын. Ал аудан шаруалары қытымыр қысқа дайын ба? Жем-шөп жеткілікті орылды ма? Бұл сұрақты аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мамандарына қойдық.

Ауылшаруашылығы маман-дарының берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша биылғы қысқа мал азығын дайындау үшін жалпы көлемі 301,0 мың тонна шөп шабу жоспарланған. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты шөптің тасылуы белгіленген жоспарға жете алмаған.
— Биылғы жаз аудан шаруа-лары үшін жайлы болмады. Жалпы көлемі 297,8 мың тон-на шөп жиналды. Оның 47,1 пайызы, яғни 140,4 мың тон-насы аудан тұрғындарына тасылды. Аудан бойынша орташа есеппен 2 873 үйдің ауласына шабылған шөп түсірілді. Ал қыстақтар мен жұртшылықты толығымен мал азығымен қамтамасыз ету жұмыстары әлі де жал-ғасуда, — деді аудандық кәсіп-керлік және ауылшаруашы-лық бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағамбетов.
Ал картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау бойынша осы күзде 5 434,0 мың тонна картоп, 3 956,9 мың тонна көкөніс, 396,6 мың тонна бақша өнімдері жинал-ған. Оның ішінде тұрғындар өздері егіп, өнім алған көкө-ністің көлемі — 3 535,3 мың тон-на, бақша өнімдері — 25,7 мың тонна.

Ұқсас ақпараттар

Көпбалалы отбасылардың несиесін жабу акциясы қайта өткізіле ме?

admin_mugalzhar

Казахстан в рейтинге экономической свободы 2020 занял 39 место

admin_mugalzhar

17 НАУРЫЗ — САРҚЫТ КҮНІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.