«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ ЖАНАРЫС РАХМЕТҚАЛИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Португалия мемлекетінің Одевилаш қаласында дзюдодан жастар арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері жерлесіміз Жанарыс Рахметқали мен бапкері Талғат Рятовты қабылдады.
Аудан басшысы дүбірлі додаларда Мұғалжар ауданының, Ақтөбе облысының, Халықаралық ареналарда еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Жанарысты жарқын жеңістерімен құттықтады.
Спортшыға мықты денсаулық, спорттық ұзақ ғұмыр тілеп, жарқын жеңістерімен аудан жастарын жігерлендіріп, биік белестерді бағындыру жолында аянбай еңбек ете беретініне сенім білдірді.
Кездесуде спортшы Жанарыс Рахметқали мен бапкері Талғат Рятовқа сый-құрмет көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы: «Үкімет тарапынан тұрақты, қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз бар күш-жігерімізді салып жатырмыз»

admin_mugalzhar

Иманбай ҚОСМҰХАНБЕТОВ, Ембі қаласы әкімінің орынбасары: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫС – ХАЛЫҚҚА ЖЕТЕР СОНДА ІС

admin_mugalzhar

Қазақстан мектептерінде арнайы дайындық жүргізіледі — ІІМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.