«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ЖОЛДАРЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жағабұлақ пен Саға ауылдарының кіреберіс жолдары асфальттануда. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қарап, мердігер мекеме басшылығына бұл жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.

Жалпы ұзындығы 2,1 шақырым болатын Жағабұлақ ауылының кіреберіс жолы мен 750 метр шақырым болатын Саға ауылының кіреберіс жолына асфальт төсеу жұмыстарын мердігер «ТенгриСтройИнвест» ЖШС -і жүргізуде. Ауылдарға кіреберіс жолын салу жұмыстары шілде айында басталды. Асфальт төсеу жұмыстарынан кейін жол жиектерін жасау, жол белгілерін қою, жол жолақтарын сызу жұмыстары жасалатын болады. Асфальттау жұмыстары толығымен осы жылы аяқталады.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ҚОЛӨНЕРГЕ БАР ТАЛАСЫ…

admin_mugalzhar

Жаңа заң: кімдердің несиесі кешірілетіні белгілі болды

admin_mugalzhar

ОПМ «БЕЗНАДЗОРНОСТЬ»: ЗАДЕРЖАНО14 ПОДРОСТКОВ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.