«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЖАППАЙ ИММУНДАУ БАСТАЛДЫ

Бүгінде ел бойынша қызылша дерті дендеп барады. Ауданның санитариялық дәрігерлері Мұғалжар ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін айтады. Дегенмен елде аурушаңдық деңгейінің өсуіне байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулы шығарып, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілетінін мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес, қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммундау жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне егілетін адамның немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) хабардар етілген келісімін алғаннан кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.

— Бүгінгі таңда 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды қосымша иммундау яғни, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинамен егу жұмыстары  6 қарашада басталды. Осы уақытқа дейін 230 бала қосымша иммундаумен қамтылды. Бұл ретте қызылшаға қарсы ҚЖИ кезеңінде профилактикалық егуді алған 6-11 айлық балалар 12-15 айға толған кезде «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бе-кіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына сәйкес кемінде 4 апта аралықпен қызылшаға қарсы жоспарлы профилактикалық егуін алады. 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, жоспарлы тәртіппен ҚҚП-ға қарсы вакцина қолданыла отырып, 2023 жылғы 5 желтоқсанынан бастап екпемен қамтылады. Бұл ретте 6 айлық балаларды қызылшаға қарсы ҚЖИ қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар мен медицина қызметкерлеріне 2023 жылғы желтоқсаннан бастап 2024 жылғы қаңтар аралығында жүргізіледі, — деді ауданның бас санитариялық дәрігері Ерлан Бүркітов.

Оның сөзінше, қызылшамен ауыр-ған науқаспен қарым-қатынаста бол-ған, бұрын қызылшаға қарсы вакцина алмаған 30 жасқа дейінгі адамдарға жүргізіледі. Дәрігерлер екпе алмаған жағдайда қызылша ауруы асқынып, өкпенің, құлақтың, мұрынның шырышты қабатының, көздің және нерв жүйесінің қабынуларына, тіпті өлімге соқтыруы мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЛАМГЕР ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЖЕМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

Найзағай мен жаңбыр: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.