«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТ – ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ

14 қараша — Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне орай Мұғалжар аудандық ауруханасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің  мамандары және эндокринолог дәрігердің ұйымдастыруымен тұрғындар арасында акция өтті.

Шара барысында мамандар тұрғындардың артериальдық қан қысымын, қандағы глюкоза мөлшерін өлшеді. Сонымен бірге қант диабетінің алдын алуда зиянды әрекеттерден аулақ жүріп, дұрыс үйлесімді тамақтанып, дене белсенділігін арттырып, жан тыныштығын сақтап, скрининг бақылауынан өту керектігін ескертіп, бүктемелер таратты. Сонымен бірге олар қала бойынша жалпы білім беретін орта мектептерге, колледждерге, спорт мектептеріне барып, қызметкерлерге, оқушылар мен студенттерге қант диабетінің белгілері мен асқыну түрлерін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Мамандардың берген мәліметіне сүйенсек, Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша қазіргі таңда қант диабеті диагнозымен диспансерлік есепте жалпы саны 577 адам тіркелген. Оның ішінде 567-сі ересек адамдар болса, 10-ы балалар.

Н.ТІЛЕП

 

 

Ұқсас ақпараттар

Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың есімі аталды

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар зейнетақы шотында ақшасы азайғанына шағымданып жатыр

admin_mugalzhar

АНАЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.