«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨНЕР КӨЗІ — ХАЛЫҚТА

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛЫҚ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕШІЛЕРІ Л.ТӨЛЕКОВАНЫҢ, А ҚОЖАНОВАНЫҢ, Ұ.СҮЛЕЙМЕНОВАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДА ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ.
Ұйымдастырушылар аталған шараның мақсаты — ұлттық құндылықты насихаттау, оның ішінде қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын көрсету, ата-аналармен мұғалімдердің бірлескен жұмысын жетілдіру, болашағымыз балалардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, жалғастыруға үлес қосу екенін айтады.
Көрмеге қатысқан ата-аналар түрлі қолөнер бұйымдарын әкеліп, жасаған жұмыстары туралы таныстырды. Бірі гипстен түрлі мүсіндер жасаса, бірі құрақ көрпелер, ұлттық киімдер дайындаған. Шын көңілмен жасалған бұйымдар көздің жауын алады.
Көрмеге қазылық еткен “Даналық” әжелер мектебінің мүшесі Зәуреш Тлегенова мен Жадыра Бердібаева үздік қолөнершілерді марапаттап, Алғыс хат тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылып, Жазушылар үйі ашылды

admin_mugalzhar

Қазақстанда вакцина салдыру мерзімі туралы қаулыға өзгерістер енді

admin_mugalzhar

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.