«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗЫМ ҚЫЗ… КЕЛІН КІМ?

Үлбіреп өсетін қыз әрқашан төрде отыратын мен білетін әулетте. Мен білетін, мен танитын, мен көрген ауылда базардан алынған тәтті тамақ, әдемі киім қызға ұсынылады. Ұл оқымаған кітапты қызоқып, ұлтүспеген жоғарғы оқу орнына қыз түсетін. «Қыз — қонақ» дегенді де естіп өстім. Бірақ ақыл тоқтатып, сана қалыптасып, ой бітетін шаққа дейін өз басым осы «келін кім?» деген сұрақпен бас ауыртпаппын… Адам өз басына келгенде ғана ой елегінен өткізеді екен. Түсініп, біледі екен.

Сонымен… Келін атанып ақ босағаны аттадым. Алғашқы уақытта өзімді қонақта жүргендей сезіндім, әне-міне өз үйіме қайтатындаймын. Папа-мамамды қалай сағынғанымды айтып жеткізе алмаймын. Ата-анамды өзгеге өз еркіммен айыр бастағандай сезім менің көзімнен еріксіз ащы жас шығаратын. Өз үйімде жасамаған жұмысқа өз еркіммен жегілгеніме іштей ашуланатынмын. Інілерім мен сіңлімнің бір айтқанын тыңдамай, қайныларымның беттеріне қарап, қас-қабағын аңдып отыратыныма ішім ашитын. Балалық. Балалықпен қоса шалалық…

Бірақ өзімді балаға теңесемде, келіннің қыз болмайтынын түсіндім. Жаңа түскен келіннің көңіліндегі ата-анаға, бауырға, қыздық ғұмырға деген сағыныш басылмаса, оны қасыңдағы жаңа адамдар баса алмаса, міне, ең қиыны сол. Ол сағыныш жараға айналуы мүмкін. Ол жара дер кезінде ем жасалса, ауырмайтын, іріңдемейтін, асқынбайтын жара біле білгенге. Ол жараны емдейтін күйеу, ол жараның бітелуіне бас болатын ене, ол жараның енді шықпауына ықпал ететін ата. Бірақ көп жағдайда «жазылатын» жараның асты іріңдеп, беті қанап, асқынып кететіні жүректі ауыртады. Сөз естілмеген кезде, ой тыңдалмаған кезде, көңіл бөлінбеген кезде… Айта берсем көп-ау…

Келісемін, келін қыз емес! Ол келін, ал келіннің өзінің міндеттері бар. Ол «жазылмаған заң». Бірақ сол келіндік міндеттерін атқарып жүрген жанның өзі жақпаса қайтпек керек? Кім кінәлі? Жаға алмаған, көңілді таба алмаған келін бе, әлде бауырға басуға тырыспаған ата-ене ме? Мүмкін екі ортада қалып, көрсе де көрмегендей, білсе де білмегендей болуды таңдаған күйеу болар? Бұл сұрақтарға жауап бере алмаймын. Білерім, біреу ғана, қыз бала өз үйінде, әке-шешесінің қасында еркелеп өсуі керек екен. Қызымызға барынша қамқорлық жасап, дегеніне ден қойып, аялауымыз шарт. Өйткені ертең барған жерінде жылулық көрмесе, туған үйінен алған жылу өміріне жетерліктей болуы қажет.

Мен де қазір сол себепті өз қыздарымды махаббатыма бөлеп келемін. Бар жақсыны көріп, бар жылуды сезініп, махаббатқа біліп өссе деймін. Балаларымызды балалығынан ерте айырмау үшін бәрін жасайықшы, ата-аналар. Қалғанытарамдалған тағдырыныңторында, бір Алланың қолында…

Айдана ИСЕКЕНОВА, Қандыағаш қаласы

Ұқсас ақпараттар

«Ds theater studio» театрының режиссеры және жетекшісі Дәулет Серікбаевпен сұхбат

admin_mugalzhar

ЖАНАРЫС РАХМЕТҚАЛИ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

Жандарбек Бекшин: Карантин аяқталғаннан кейін де сақтық шараларын жалғастыру керек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.